ДИКТОР: Аймақта жыл бойы маңдай термен табылған еңбектің қорытындысы шығарылды. Көкшетауда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сала үздіктерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Салтанатты жиында 100-ге жуық еңбек адамының еңбегі еленді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан мамандарды құттықтап, олардың қажырлы еңбегін атап өтті. Бір топ азамат Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен және Президенттің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілері табысталды. Сала үздіктеріне жеңіл автокөліктің кілті де берілді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

РКС: Жер мен елдің қасиетін еңбекпен таныған жандар аз емес. Құрмет төрінен көрінгендердің қатарында Қорғалжын ауданына қарасты «Кеңбидай Астық» серіктестігінің механизаторы Абылай Смағұлов та бар. Ол жарты ғасырға жуық дала төсінде еңбек етіп келеді. Биыл шаруашылық гектарынан 12 центнерден астық жинады. Еңбегі еленіп, қосқан үлесі үшін бүгін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

СНХ: АБЫЛАЙ СМАҒҰЛОВ, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ:

РКС: Ал Андрей Серый комбайншы. Бұл салаға 30 жылға жуық ғұмырын арнаған. Осы уақыт ішінде алада елеулі оң өзгерістер болғанын айтады.

СНХ: АНДРЕЙ СЕРЫЙ, ОРАҚ ШЕБЕРІ:

РКС: Ақмола облысы жыл сайын «астықты аймақ» мәртебесін дәлелдеп келеді. Биыл да облыс рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, әр гектардан орташа есеппен 16 центнерден өнім алды. Жалпы биыл 5,5 млн гектар алқапқа дән сіңірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді әртараптандыруға байланысты майлы дақылдарға басымдық берілді. Соның нәтижесінде майлы дақылдардың егістік алқабы 2,5 есе артты. Өңір ішкі нарықты ғана емес, экспорттық бағытты да қамтып отыр. Жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына қажетті техникалық база да жаңғыртылуда. Агросалада жаңа технологияларды енгізу де көш бастап тұр. Бүгінде облыста ірі цифрлық шешімдер жүзеге асырылған 49 «ақылды» ферма жұмыс істейді.

СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

РКС: Адал атқарылған істің жаманы жоқ. Осындай қажырлы еңбек пен берекенің басында тұрған жандардың қоғамдағы орны қашанда ерек, абыройы асқақ. Мерекелік шара эстрадалық және жергілікті әртістердің концертімен түйінделді.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ