ДИКТОР: Сырқаты сыр беріп, дерті мазалап, өзін жайсыз сезінген адам бірден жедел жәрдем қызметінің көмегіне жүгінеді. Осы орайда, сала мамандары қас пен көздің арасында науқасқа жетіп, қажетті ем-домды көрсетуі керек. Ал, Ақмола облысында шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік бар ма? Мамандар жедел шақыртуға қаншалықты дайын? Тілшіміз Лаура Дәулетбек Көкшетаудағы жедел жәрдем станциясының мамандарымен түнгі кезекшілікке шығып, мәселенің мән-жайын өз көзімен көріп қайтты.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Облыстық жедел-жәрдем станциясына түсірілім топпен келіп қалдық. Міне, сары түсті көліктер мен арнайы қызметтік көк, қызыл түсті киімін киген қызметкерлер бірден көзге түседі. Өңірдің әр бұрышында науқасқа дереу көмек көрсететін олар кезекшілік міндеттерін дәл осы жерден бастайды. Көріп тұрғандарыңыздай, станциядағы қарбалас жұмыс ақ халатты абзал жандардың қызметі қаншалықты ауыр екендігін көрсетеді.

СНХ: ЗАРИНА ҚАПАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ФЕЛЬДШЕРІ: Бізде қала бойынша 100 қызметкер жұмыс атқарады. Екі ауысыммен 12 сағаттан. 4 категория бойынша жұмыс жасаймыз. Бірінші категорияға жүректің тоқтауы, тыныс алудың тоқтауы, тырысулар, жол апаттары және төтенше жағдайлар, шоктар жатады. Бірінші категорияға біз 10 минутта жету керекпіз. Екінші категорияға 15 минутта, үшінші катерияға 30 минутта және төртінші категорияға 60 минутта.

РКС: Жедел жәрдем станциясына 4 санат бойынша шақырту түседі. Бірінші санатқа өміріне қауіп төніп тұрған, тез арада медициналық көмекке мұқтаж науқас жатады. Екінші және үшінші санат бойынша өміріне қауіп төніп тұрған, бірақ медициналық көмек аса қажетті емес науқас және төртінші санатқа дерті асқынып, өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтін адамдар жатады. Осы санаттар бойынша қоңырау келген жағдайда автоматтандырылған тәртіппен қызмет көрсетіліп, диспетчер арнайы жасақталған жедел топты жіберуге міндетті.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Өңірде 76 жедел жәрдем бригадасы бар. Орталықтағы диспетчерлерге күніне орта есеппен алғанда 700-ге жуық шақырту түсетін көрінеді.

СНХ: КҮЛБАРШЫН МУСУРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АУЫСЫМ АҒА ДӘРІГЕРІ: Қазір аймақ тұрғындарынан үш диспетчер қоңырау қабылдауда. Содан соң диспетчер шақыртуды эвакуаторға жолдайды. Эвакуатор шақыртуға бригада бекітіп, жібереді. Диспетчер шақыртудың категориясын анықтауы керек. Бұл орайда, қоңырау шалушы не болғанын айтып, түсіндіруі маңызды. Ең алдымен мекен-жайы мен жасын дұрыс айту керек. Бұл бізге шұғыл және жедел түрде әрекет ету үшін қажет. Сондықтан қоңырау шалушы адам диспетчердің жұмысына түсібіспеушілікпен қараса деймін.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Міне кезекті шақырту да бізді ұзақ күттірген жоқ. Біз жедел жәрдем көлігіне отырып, үшінті категориядағы шақыртуға бара жатырмыз. Бұл категория бойынша біз деттеген жерге 30 минутта жетуіміз керек. Шақырту 3 жасар баланың анасынан түсті.

СНХ: МӘДИНА ЕЩАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ: Жаңа шақыртуда болдық. 3 жасар баланың дене қызуының көтерілуіне шақырған болатын. Дене қызуы 38,5 болды. Қажетті ем-домды көрсеттік. Нуқастың жағдайы жақсарды. Қажетті дәрі-дәрмектерді беріп, үйінде қалдырдық.

РКС: Мәдина ағасы мен әпкесінің жолын қуып медицинаны таңдаған. Жас маман былтыр Көкшетау жоғары медициналық колледжін тәмамдап, бірден осы жерге жұмысқа орналасты. Түнгі уақыттағы кезекшілік өте ауыр. Оны көпшілігі түсіне бермейді, - дейді ол.

СНХ: МӘДИНА ЕЩАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ: Әрине, түнгі кезекшілік ауыр болады. 12 сағат жұмыс жасаймыз. Ұйықтамайтын кездерде болады. небір ауыр вызовтарға барамыз. Мерекелік кездерде де науқастарға көмек көрсетіп, жақындарымыздың жанында болмай жұмыста жүреміз.

РКС: Ал, Мәдинаның әріптесі Бақытжан Жанқали бала кезінен дәрігер болуды армандаған.

СНХ: БАҚЫТЖАН ЖАНҚАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ: Осы жылы Көкшетау жоғары медициналық колледжін бітірдім. Осы медицина саласын таңдағаным бұл біріншіден өзімнің таңдауым. Мен қоғамға көмек көрсеткім келеді. Сол себептен, медицина саласын таңдадым. Әрине, түнгі кезекшіліктер оңайға соқпайды. Алайда, бұл менің таңдауым болғандықтан науқастарға көмек көрсетемін және де мақтан етемін.

РКС: Мәдина мен Бақытжан бастаған бригаданы уақытылы қажетті жерге жеткізу жүргізушінің міндеті. Жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмысқа орналасу да оңай емес. Оларға қойылатын талап жоғары. Бақытжан Дарбаев жедел жәрдем жүргізуші болып 6 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Кейде көлік жүргізушілері жол бермейді деп қынжылады. Былтыр жедел жәрдем көліктеріне «Сергек» камерасы орнатылған. Тек бір айдың ішінде 8 мыңнан астам заң бұзушылық тіркелді.

СНХ: БАТЫРБЕК ДАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ: Міне, біз шақыртудан шығып кезекті шақыртуға бара жатырмыз. Әртүрлі қиын жағдайлар орын алып жатады. Бірінші және екінші категория бойынша кейді жол ережесін бұзуға тура келеді. Себебі, адамның өмірі тікелей бізге байланысты. Сондықатьн, кезекші бригаданы уақытылы қажетті жерге жеткізуім керек. Кейде көлік жүргізушілері жол бермей жатады. Ал ол шақыртуда біздің ата-анамыз, немесе аға, әпкеміз. Тіпті, баламыз болу мүмкін. Осы ретте, көлік жүргізушілерге айтар өтінішім жедел жәрдем көлігіне жедел түрде жол беріп, өткізуді сұраймын.

РКС: Өңірлік жедел жәрдем станциясында түнгі кезекшілік уақытында тек 11 бригада жұмыс істейді. Оның 10-ы қала, ал біреуі Красный Яр ауылы бойынша шақыртуға шығады. Әрине, бұл жеткіліксіз. Себебі, күн сайын түнгі уақытта 200-ден астам азамат жедел жәрдем қызметінінің көмегіне жүгінеді. Осы уақытта медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы басты роль атқарады. Шұғыл әрекет ететін мамандар халыққа тәулік бойы қызмет көрсетеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ