ДИКТОР: Жыл басынан бері Көкшетауда полиция қызметкерлері мен волонтерлер есірткі жарнамасы бар 60 жазуды жойды. Қалада «Таза қала – таза сана» атты кезекті ауқымды акция өтті.

РКС: Бұл жолы полицейлер мен волонтерлер Застанционный шағын ауданында рейд жүргізді. Олар жеке секторды, қаңырап бос қалған үйлер мен қоғамдық орындарды аралады. Есірткі жарнамасы бар сайттардың мекенжайлары мен есірткі сатушылардың байланыс нөмірлері көрсетілген жазбалар дереу боялды. Полицейлер тек жазуларды өшіру емес, сонымен қатар есірткі жарнамасы мәселесіне қала тұрғындарының назарын аудару екенін алға тартып отыр.

СНХ: ДАРХАН ДОСАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мұндай акцияны біз алғаш рет өткізіп отырған жоқпыз – оның бастамасы қазан айында қолға алынған. Бұл – қамтылатын төртінші аудан. Акцияға 60-тан астам волонтёр қатысады. Сондай-ақ іс-шараға жедел қызығушылық тудыратын тұлғаларды анықтау және тексеру мақсатында өз бағыттамаларын таныстыратын криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері де шақырылды.

РКС: Сонымен қатар волонтерлер парақшалар таратып, жастарға есірткінің зиянын және жеңіл жолмен табыс табудың салдарын түсіндірді.

СНХ: БИМАХАН САНТАСОВ, ВОЛОНТЁР: Мен есірткі жарнамасы мен граффитилерін анықтауға бағытталған акцияларға үшінші рет қатысып отырмын. Жалпы, мұндай шаралардың пайдасы көп, өйткені біз адамдарды тыйым салынған заттарды сатып алудан шектейміз.

РКС: Полиция қызметкерлері соңғы жылдары ғимараттардың кіре берістеріне және өзге де орындарға есірткі жарнамасын жазу жағдайлары азайғанын айтуда. Биыл облыс бойынша есірткіге қатысты 275 құқық бұзушылық тіркелген.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.