ДИКТОР: Бауыр циррозына шалдыққан анасына бауырының бір бөлігін беріп, өмір сыйлаған азамат Көкшетауда тұрады. Дінболат Құсайынов донор боламын деген шешімді осыдан 6 жыл бұрын қабылдайды. Бірақ анасының келісімін жылдар бойы күтуге тура келеді. Осыдан 6 ай бұрын жауапты ота жасалып, ана мен бала үлкен сынақтан өтеді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Меңдігүл Латиф жоғары санатты дәрігер, хирург, анестезиолог. 33 жылдық еңбек өтілі бар ақ халатты жан бұған дейін Алматы қаласында, Айыртау, Тайынша аудандарындағы ауруханаларда ота жасап, жүздеген адамның өмірін өлімнен арашалап қалған. Қазір Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы жанындағы онкологиялық диспансердің химиятерапия бөлімінің меңгерушісі. Қауырт қызмет бабында жүріп ол дертті қашан, қалай жұқтырып алғанын байқамай қалады.

СНХ: МЕҢДІГҮЛ ЛАТИФ, ХИРУРГ-ОНКОЛОГ: Қан арқылы ма перчаткі арқылы ма науқастардан вирус жұққан, В, Д вирусы бауырға отырған, білмей жүріп, 2019 жылы жолдасым рак почкимен ауырады. Қатты стресс алып жылаған едім. Ауырсынулар басталды. Өзім білмей жүргем, тексерулерде бауыр циррозы деді. Содан 6 жыл күрестім онымен.

РКС: Анасының ауруға шалдығуы ұлы Дінболатқа ауыр тиеді. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып, ең жақын адамына қалай көмектесемін деген ой мазалайды.

СНХ: ДІНБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ҰЛЫ: Жыладым, жүрегім ауырды, анасыз қалай өмір сүремін деп. Ең басында трупный печень деді, оған Қазақстанда трупный печеньға 4 мыңдай адам очередьта тұр екен. Ол қашан келеді? Анамның анализдары күннен күнге дұрыс болмағасын мамаға айттым өзім донор болайын деп.

РКС: Бала кезінен спортты серік еткен Дінболат Олжабайұлының бауыры анасының ағзасына сәйкес келеді. Бірақ баласына деген жанашырлықтан болар, Меңдігүл ханым бірден келісім бермейді.

СНХ: МЕҢДІГҮЛ ЛАТИФ, ХИРУРГ-ОНКОЛОГ: Балам бірден айтты, 2019 жылы донор керек дегеннен айтты. Ол кезде жаным олай қиналып кеткен жоқ, қатты симптомдар берілмегендіктен жұмысымды істеп жүре бердім. Жалғыз балам ғой, ол кезде мастер спорта алып жатқан кез, оның өмірін қалай қиямын, болашақта спортсмен баланың жағдайы қалай болады. Баламнан бауырын алам деп ойлағам жоқ.

РКС: Меңдігүл Сауытханқызының денсаулығы соңғы екі жылда күрт нашарлайды. Жаным қылдың үстінде, балам, қызым, немерем күндіз түні жылайды. 80-нен асқан анамның қайғымды көрмесе екен деген тілегім болды дейді ол.

СНХ: МЕҢДІГҮЛ ЛАТИФ, ХИРУРГ-ОНКОЛОГ: Менің мойнымнан қан кеткенде балам болды мама кеттік ешқандай донорды күтпейсіз деді көзі мөлдіреп жылап тұрғанда өлсем өлім қалам кімнен артықпын деп ойладым. сосын тәуекел ертең балаларым өкінбесін балам берем деп тұрғанда талай жасалып жатқан операция ғой деп беріп тұрған бауырды мамам алмады ғой деп ертең балам жылап тұрмасын тәуекел дедім.

РКС: Бұл Меңдігүл ханымға жасалған 9-шы және ең күрделі ота. Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында Дінболаттың бауырының бір бөлігін алуға 6 жарым сағат, анасына 9 жарым сағат операция жасалды. Мен дәрігерлерге толық сендім, осылайша 57 жасымды жансақтау бөлімінде қарсы алдым, -дейді кейіпкеріміз.

СНХ: МЕҢДІГҮЛ ЛАТИФ, ХИРУРГ-ОНКОЛОГ: Наркоздан оянғанда ешкім жоқ балаңды іздейсің ғой өзі атадан жалғыз бала. Көзімнің жасы көл болып жатты ол кезде. Өзімді өзім тоқтаттым, реанимациядағы 8 күн сол баламды аңсаумен болдым. Паладада деді. Екеміз бір бірімізді көргенше өте қиын болды. Мені түсірді балам палатаға кіріп келді, екеміздің үніміз өшіп қалды ғой. Ол құшақтады бір сағаттай жүрегімізді жүрегімізге тигіздік, үнсіздік, мама тірісің бе деп ол айтқан жоқ, мен де үнсіз. Ана мен бала бірін бірін қалай аңсайды оны айтып жеткізе алмаймыз. Бір бірімізге қарап, сондай ғажап күй кештік.

РКС: Анасына екінші өмір сыйлаған перзенті Дінболат қазір спорт мектебінде балаларды жаттықтырып жүр. Отбасылы, бірнеше баласы бар. Әкесі де медицина қызметкері, әпкесі Моңғолияда дәрігер. Ал Меңдігүл Сауытханқызы онкологиялық диспансерде науқастарды емдеуде.

 МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ