ДИКТОР:Жыл сайын жылу беру маусымы басталған кезде өңірде өрт қаупі де өршиді. Әсіресе жеке тұрғын үй секторында бұл мәселе өткір сезіледі. Бұған көбіне техникалық талаптардың сақталмауы мен электр жабдықтарының дұрыс орнатылмауы себеп. Тұрмыстық өрттің алдын алу және оның санын азайту мақсатында өңірде өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС:Өңірде жыл сайын бір мыңға жуық өрт тіркеледі. Жылу берумаусымы басталғалы өңірде 45 өрт оқиғасы орын алып, бір адам қаза тапты. Былтырдың өзінде дәл осы кезеңде тұрғын үй секторында 300-ден астам өрт тіркеліп, тілсіз жаудың салдарынан 16 адам көз жұмды. Жылу маусымы басталғалы профилактикалық жұмыс күшейтілді. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар, волонтерлермен бірлесе әр үйді аралап, дабыл құрылғыларын орнатып жатыр. Сондай-ақ, мұржаларын тазалап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде. Әсіресе әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға айрықша көңіл бөлінуде.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Өңірде әлеуметтік осал топ санатына жататын шамамен 9 мың жуық отбасы өрт қауіпсіздігі тұрғысынан ерекше бақылауға алынған. Бұл азаматтармен мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Көкшетада да бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілді. Жергілікті атқарушы органдар қосымша 600 дабыл құрылғысын сатып алып, тұрғын үйлерге орнатып жатыр. Оның 400-і — ауадағы көміртек тотығының мөлшерін анықтайтын болса, ал қалған 200-і — түтін шығуын ескертетін датчиктер.

РКС:Жалпы жыл басынан бері өңірде11 мыңнан астам дабыл құрылғысыорнатылған. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғаспақ.

СНХ: ӘЛИ ҚАБДУЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Бұл шара тұрғын үй секторында өрттің алдын алу және өрт кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау, жарақаттану жағдайларын азайтуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар аясында жүргізілуде. Сатып алынған түтін датчиктері көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардың, сондай-ақ жалғызбасты зейнеткерлердің үйлеріне орнатылмақ.

РКС:Мамандар өртоқиғалары көбіне тұрғындардыңқарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеуінен туындайды дейді. Ал дер кезінде соғылған дабыл - қауіптің алдын алуға маңызы зор. Мәселен,соңғы үш жылда орнатылған осындай құрылғылардың арқасында30 адамның өмірі аман қалды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ