ДИКТОР: 1991 жылдан бастап тарихи Отанына 1 млн 159 мың этникалық қазақ оралды. Тек биылдың өзінде 11 мың қандас атамекенге табан тіреді. Соның ішінде бүгінде өңірде 700-ге жуық азамат қандас мәртебесін алған. Олар негізінен Қытай, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден келген. Атажұртқа деген сағынышын арқалап жеткен жандардың бірі – Айша Ақмұрзаева туралы келесі сюжетте.

РКС: Айша Ақмұрзаева - атажұртқа Түрікменстаннан қоныс аударған қазақ. Атамекенді аңсап келген ол мұнда бала-шағасы, немерелерімен бірге осыдан 1 жыл бұрын көшіп келген. Киелі топыраққа ұрпағы тілі мен салт-дәстүрді бойына сіңірсін деген ниетпен оралған. Қазір өзі шаһардағы №18 мектепте жұмыс істейді.

СНХ:АЙША АҚМҰРЗАЕВА, ТҮРІКМЕНСТАННАН КЕЛГЕН ҚАНДАС: Келуімнің мақсаты – ата-жұртыма деп келдім. Балдарымды қазақ қылайын деп келдім ғой. бізді өте керемет, өте жақсы қарсы алды Қазақстан. Келгеніме өте қуаныштымын! Қазақстанның ішінде Көкшетауға келгеніме қуаныштымын! Көкшетаудың адамдары сондай қарапайым, сондай михырлы, жақсы адамдар екен, кішіпейіл, адамшалдығы жақсы. Сондай жақсы адамдар екен. Біздер жол көмегін алдық, үй көмек берді біздерге, үй алуға көмектесті. Документтермен көмектесті. Жұмысқа кіріп кеттім бірден. Біздер 9 адам болып келдік.

РКС: Отбасы мемлекеттен қарастырылған барлық көмекті алған. Құжат рәсімдеу, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында толық сүйемелдеу жүргізілген. Ұлдары да қазір тұрақты жұмысқа орналасып, жаңа ортаға тез бейімделіп үлгерген.

СНХ:МАРС ТӘЖІБАЕВ, ҰЛЫ: Өткен жылы ноябрьде осы Новопэкке келдім жұмысқа. Жұмысқа орналасып, үйренсіп, осы жерде әріптесмтерімен ауызбір істеп жүрмін. Бір жағынан сағыныш, бір жағынан қуаныш, бір жағынан қайғы да басты үйренген жерінен. Бірақ өз атамекеніңе деген сезім үстінірек келіп, тез үйренісіп кеттік. Қуанам, өзім Қазақстанға келіп, ағайындарыма, өзімнің атамекеніме оралып келгеніме. Қандастарға берілетін көмектерді алдық. Адам басына 270 мың алдық, жолақы, одан кейін үй көмегіне 50 процент 3 млн алдық. Ең баста, акиматқа бардық. Одан соң көші-қондағы жұмысшылар Алмагүл Досболова, жұмыспен қамтамасыз ететін жерде Амангелді аға бар, Жанар апа бар, солар жылы қарсы алып, көмектесті. Қайда бару керек, жұмыс тауып беріп, үйреніп кетуімізге көп үлесін қосты олар. Алғысымды айтамын бәріне. Қазір азаматтыққа құжаттарымды тапсырып жүріппін. Автобиография қате толтырыппын, соны қайта толтырып, бұйырса тапсырамын. Өзіме жұмысым ұнайды, Қазақстаныма өзімнің үлесімді қосып тұрғаныма, өнімшілікке қуаныштымын!

РКС: Қазір отбасының жалғыз шешілмей тұрған мәселесі – азаматтық алу. Қалған құжаттары дайын. Жақын арада оң шешіледі деген үміт бар. Жалпы, атажұртқа оралған ағайынның қатары жыл сайын артып келеді. Қандастарға мемлекет тарапынан көшуге субсидия түрінде қолдау көрсетіледі. Әр отбасы мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ тұрғын үй жалдау мен коммуналдық шығындарды өтеу үшін 15–30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем қарастырылған.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ