ДИКТОР: Жақсы ауданына қарасты Жаңақима ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Жоба құны 401 миллион теңге тұратын ғимаратты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жергілікті кәсіпкер салып берді.
РКС: Тұрсынбек Әбдіғалиұлы Уәлиев атындағы спорт мектебі биыл қыркүйек айында пайдалануға берілді. Қазір мұнда түрлі үйірмелерге 170-ке жуық бала мен жасөспірім келіп жүр. Ғимарат ашылған күннен бері бокс үйірмесіне қатысып жүрген оқушылардың бірі - Нұрасыл Мұрат. Ол болашақта танымал спортшы болуды армандайды.
СНХ: НҰРАСЫЛ МҰРАТ, БОКС ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ: Боксты қалдырмай, әр күн сайын ағайды тыңдап жатырмын. Санжар Тәшкенбай, Махмуд Сабырхан дейтін танымал боксерлардың бірі болғым келіп тұр. Ол үшін әрдайым боксқа барып, боксты қалдырмай тренироватся ету керек.
РКС: Жаңақима ауылында 2300-ден аса тұрғын бар. Ауылда спорт мектебі ашылған тұста 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
СНХ: ВИТАЛИЙ САНТОЦКИЙ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Бокс үйірмесінде бізде 80-нен аса адам бар. Аптасына 4 рет тренировка өткізіп жатырмыз. Бізге екі жаңа зал ашты, ол бокс залы және игровой зал. Балаларға ұнайды, адам көп, қыздар мен ұлдар бірге жаттығады.
РКС: Ауылдың жастары мен оқушылары спорт кешенінде бокстан басқа грек-рим күресі, волейбол, футбол, баскетбол үйірмелеріне қатысады. Болашақта ауылдың ересек адамдары үшін арнайы секциялар ашылу жоспарда бар.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ