ДИКТОР: Келер жылы Қосшы қаласының жанында орналасқан Тайтөбе ауылында табиғи газ желісі қосылмақ. Ақмола облысының елдімекендеріне көгілдір отын беру жұмысы қарқынды жүруде.
РКС: Биыл қыркүйек айында Қосшы қаласында газ реттеу нысанының алғашқы кешені іске қосылды. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Шаһардың 80-ге жуық көшесі табиғи газға қосылды. Газдандырудың екінші кезеңі келер жылы іске аспақ. Осылайша, тағы 50 аулаға көгілдір отын берілмек.
СНХ: АЗАМАТ ҚАПЫШЕВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл «Шымкент газ - газ өнеркәсібі» тендерді ұтып алды. Біз олармен келісімшартқа отырдық. Келісімшарт бойынша олар шілде айында жұмыстарып бастап кетті. Келер жылдың соңына дейін жұмыстарды толық аяқтайды.
РКС: Тайтөбе ауылында 7 мыңнан аса тұрғын бар. Олардың барлығы табиғи газға қол жеткізеді, - дейді Қосшы қаласының әкімі. Қажетті шаралар келісшарт бойынша кезең-кезеңімен атқарылып, елдімекеннің кей тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізуде.
СНХ: ЖАСҰЛАН ӨМІРБЕКОВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫ: Жалпы, метраж трубасы 75 километр, 75,000 метр, яғни. Оның ішіне жоғары және кіші қысым газы бірге жүреді. 13 шкафы болады, регулятор давления дейді оны. Биылдыққа шілде айынаң бастап желтоқсаның біріне дейін жұмыс жүргіземіз соның ішінде 17 мың метр тартылады, жалпы. Жұмыс барысы жүріп жатыр, график бойынша, газ құбыры жер астымен жүреді толық 100% . Енді норматив бойынша. Жер астыңдағы жаңағы турбаның мерзімі ұзақ былайша айтқанда. Сол үшін жер астынан берілген проект бойынша 100%.
РКС: Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылына табиғи газ жеткізу өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртудың кешенді бағдарламасының бір бөлігі. Алдағы уақытта табиғи газ аймақтың мыңдаған тұрғындарына қолжетімді болмақ.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ