ДИКТОР: Жақсы аудандық ауруханасында биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір ғимараттың үшінші қабаты толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

РКС: Аудандық аурухана 1974 жылы салынған. Содан бері яғни, 51 жылда алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде. Ғимараттың есік терезелері толық ауыстырылып, қабырғалары тегістелді. Төбесі мен едені жаңартылды.

СНХ: АЛМАГҮЛ ҚАДЫРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыс әкімі Марат Мұратұлының қолдауымен биыл аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл екі жылдық жоба. 3-ші қабатта жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді бірінші, екінші қабат жөнделіп жатыр. Аудандық ауруханада ота жасалады. Облыстық ауруханалардың дәрігерлері келіп, тәжірбиесімен бөліседі. Яғни ауданның медицина саласында айтарлықтай оң өзгерістер бар.

СНХ: ЖҰМАГҮЛ БЕКСЕЙІТОВА, ЕМДЕЛУШІ: Ешім ауылынан келдім. Ота жасалды. Ойдағыдай болды. Бұл ауруханаға бірінші рет түсіп тұрмын. Іші барлығы жақсы ремонты жасалған. Аман есен алып қалды дәрігерлер, бір жетідей жүрмін. Ремонт жасап жатыр, қол жуатын жерлері палатада жақсы, енді мына жақтарын жасап жатыр. Мед персоналдары жақсы.

РКС: Бұған дейін ауруханада лифт болған емес. Жүре алмайтын науқастарды медицина қызметкерлері бірнеше қабатқа көтеріп, жеткізуге тура келетін. Жөндеу жұмыстары кезінде ауруханада жаңа лифт орнатуда.

СНХ: ЖАНАЙДАР ҚАЖДЕНБЕКОВ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ауданымызда 1 аурухана, 1 емханамыз бар, ауруханамызда 53 тәуліктік төсек орын бар, хирургия және травматология терапия және балалар бөлімі, гинекология бөлімшелері толықтай жұмыс жасайды. Емханада 35 дәрігер жұмыс істейді,тіс дәрігері, жүрек дәрігері, лор, көз дәрігерлері, ауылда сирек болатын тапшы мамандардың барлығы толық қарастырылған. Ауданымызда дәрігер тапшылығы жойылған.

РКС: Ауданға «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы шеңберінде келген жас маманға облыстық бюджеттен 5 миллион теңге, аудандық қазынадан 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 367 мың теңге қаржы берілуде. Жас мамандарды жергілікті кәсіпкерлер де қолдауда. «Агрофирма ТНК» серіктестігі ауданға келген әр дәрігерге 3,5 миллион теңгеден көтермеақы беруде.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ