ДИКТОР: Көкшетауда колледж студенттері арасында облыстық форум өтті. «QUIZ» ойыны форматында ұйымдастырылған шараға өңірдің әр түкпірінен келген белсенді жастар қатысты.
РКС: Ойынға өңірдің 9 арнайы орта білім беру ұйымының құрамасы қатысты. Олар адам құқықтары, заңнама және адалдық қағидаттары бойынша сұрақтарға жауап берді. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ӘНУАР ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Негізгі мақсат – жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, әділ, адал және жауапты жас ұрпақты тәрбиелеу. Себебі білім беру ұйымы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың және ел дамуына үлес қосудың маңызды буыны.
РКС: Зияткерлік сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Сұрақтар әкімшілік және қылмыстық құқық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат негіздерін қамтыды. «Саналы ұрпақ» жобасы осы арқылы азаматтық ұстанымы берік, қоғамға бейжай қарамайтын студенттерді біріктіруді көздейді.
СНХ: АЯЖАН МАНАПОВА, ВОЛОНТЕР: Шоқан Уалиханов атындағы құқық кафедрасы белсенді студентімін. Осы іс-шараға сыбайлас жемқорлықа қарсы волонтер ретінде келдік. Және де біздің мақсатымыз осындағы болып жатқан сайысты қадағалап, әділ өтімін қарайыңыз. Сыбайлас жемқорлықа қарсы мәденетті қалыптастыруымызға жет.
РКС: Ойын қорытындысы бойынша ең білімді студенттер анықталды. Бірінші орынды Жоғары техникалық колледждің «Жалын» командасы иеленсе, екінші орынға Красный Яр ауылының көпсалалы колледждің «Инноваторлар» командасы лайық деп танылды. Ал жүлделі үшінші орынды Шағалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледждің «Болашақ» командасы еншіледі. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖАНДОС САЙЛАУ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ