ДИКТОР: Бұланды ауданына қарасты Вознесенка ауылының тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенелді. Жылдар бойы апатты жағдайда тұрған көпір мәселесі түпкілікті шешімін тауып, жаңа көпір ел игілігіне берілді. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

ЛЮФТ:

- Сәлеметсізбе, сіз осы ауылдың тұрғынысыз ба? Осы мостты қалай бағалайсыз, жуырда ремонт жасалыпты.

- Хорошо, все сделали,керемет.

-Ранее, какое было состояние моста?

-Ужасное, сейчас хорошее.

-Ежедневно сколько раз вы пользуетесь,ездите по этой дороге?

- В день 2-3 раза.

РКС: Иә. Бұл - сонау 2014 жылы апатты деп танылған көпір. Жылдар бойы жөндеуді қажет еткен өткел, әсіресе көктемгі су тасқыны кезінде тұрғындарды орталықтан оқшаулап келді. Себебі дәл осы көпір екі ауылды ғана емес, аудан мен облыс орталығын байланыстыратын маңызды жол. Ескі көпір бұзылып, орнына жаңа көпір салынды. Енді көптен күткен мәселе шешімін тауып, нысан қолданысқа берілді.

СНХ: ЮЛИЯ СИРОТКИНА, ВОЗНЕСЕНКА СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Вознесенка ауылында 920, ал Тастыөзекте 400-ден аса тұрғын бар. Бұл-екі ауылды байланыстыратын маңызды өткел. Көпір 2014 жылы апатты деп танылған еді. 2023 жылы «Ауыл бесігі» бағдарламасы аясында жобаға 824 млн теңге бөлінді. Конкурстың нәтижесі бойынша «Жылу 21» серіктестігі мердігер ретінде анықталып, 724 млн теңгеге келісімшарт жасалды.

РКС: Жаңа көпір ауыл тұрғындарының қатынасын айтарлықтай жеңілдетіп, ризашылыққа бөлеп отыр.

СНХ:ВАЛЕНТИНА ДОСТОВАЛОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Мен Вознесенка ауылының тұрғынымын, осында көп жылдан бері тұрамын. Мұндай жақсы көпір бізде бұрын-соңды болмаған. Біз талай жыл апатты көпірден өтіп, оның опырылып кетуінен қорқатын едік. Қазір мемлекет біздің ауылға жаңа, кең, екі жолақты көпір салып бергеніне өте қуаныштымыз. Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған еді. Мемлекетке, Президентке рақмет. Ауылдарға көңіл бөлініп, инфрақұрылым жақсарып келеді.

РКС: Жалпы, аудан бойынша ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған бастамалар қарқынды жүзеге асырылуда. Қазір елді мекендер таза ауыз сумен қамтылып, мектептерге күрделі жөндеу жүргізілуде. Жуырда Партизанка ауылында ауысымына 600-ден астам тұрғынға қызмет көрсететін жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Осылайша, ауыл өмірінің сапасы біртіндеп жақсарып келеді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ