ДИКТОР: Целиноград ауданында балалардың жайлы демалуына жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатыр. Тек соңғы үш айдың ішінде мұнда заманауи 12 ойын алаңы салынды. Жоба мемлекет пен жергілікті бизнес өкілдерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жаңа әткеншектер, сырғанақтар мен қауіпсіз резеңке жабынды енді Целиноград ауданының бірнеше ауылындағы балаларға қолжетімді. Барлығы 12 ойын алаңы жергілікті балалардың қуанышына айналды.

СНХ: РАУШАН СЫРЫПБЕКОВА, ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін ауылымыз үшін ерекше күн. Өйткені мұндай ойын алаңы әр қалада бола бермейді. Біз үшін үлкен қуаныш. Балаларымызға жақсы сыйлық. Осы іске атсалысқан облыс пен аудан әкімдеріне үлкен алғыс білдіреміз.

РКС: Барлық алаң бірыңғай жоба бойынша салынған. Заманауи ойын элементтері, ыңғайлы орындықтар мен жарық шамдар орнатылған. Қараша айының ортасына дейін мердігерлер тағы үш ойын алаңының құрылысын толық аяқтауды жоспарлап отыр.

СНХ: ҒИЗЗАТ СЕМБАЕВ, МЕРДІГЕР: Футбол алаңы, балалар спорт кешені, балалар мен ересектерге арналған жаттығу құрылғылары бар. Өз тарапымнан ауыл тұрғындарына да көмектесемін. Асфальт төсеп, алаңдарға кіреберіс жолдар жасап беремін, ата-аналар бесік арбамен келе алады.

РКС: Жоба бірлесіп қаржыландыру қағидаты бойынша жүзеге асырылуда. Қаражаттың жартысы мемлекет тарапынан, екінші жартысы жеке инвесторлар есебінен бөлінеді.

СНХ: ДАРЫН САБЫРҒАЛИ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл аудан бойынша барынша көп елді мекенді қамтуды жоспарлағанбыз. Бізді қолдаған белсенді бизнес-субъектілер бар. Қаржының 50 проценті мемлекет, яғни әкімдік тарапынан бөлініп, қалған жартысы – кәсіпкерлердің үлесі. Соның бірі Ынтымақ ауылындағы балалар ойын алаңы.

РКС: Осындай жобалардың жүзеге асуы әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің белсенді әрі қауіпсіз демалысына мүмкіндік береді. Ауылдық аумақтарды абаттандыру мен тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру – ауданның басты бағыттарының бірі, - деп атап өтті Целиноград ауданының әкімдігі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ