ДИКТОР: Ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға көрсетілетін қолдау жүйесі қаншалықты тиімді? Білім беру баршаға бірдей қолжетімді болу үшін не істеу керек? Осы және өзге де түйткілдер инклюзивті білім беру тақырыбындағы дөңгелек үстелде қаралды. Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі, Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан қатысты.

РКС: Жиынға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, инклюзивті білім беруді енгізген мектеп директорлары, сондай-ақ ерекше балалардың ата-аналары қатысты. Ата-аналар күнделікті кездесетін қиындықтарын ашық айтып, жүйедегі кемшіліктерді ортаға салды. Қатысушылар инклюзивті білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды.

СНХ: АЛЬФИЯ ӘБІШЕВА, ЕРЕКШЕ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Мен ерекше баланың анасымын. Бұрын қызым №1 мектепте оқыды, алайда биыл ол оқу процесіне ілесе алмаған соң, мектептен шығарылды. Бізді №10 түзету кабинетіне жіберді. Бірақ онда сабақ аптасына екі рет 30 минуттан ғана өтеді. Бізге бар болғаны екі маман берілді. Бұл өте қолайсыз, себебі маған жұмыстан жиі сұрануға тура келеді. Бүгін біз өзімізді толғандырған мәселелерді ашық айттық. Жауапты органдар тыңдап, оң шешім қабылдайды деген үміттеміз.

РКС: Саладағы ең өзекті мәселенің бірі – білікті мамандардың тапшылығы мен олардың еңбекақысының төмендігі. Психо-эмоционалдық жүктеме жоғары болғанымен, еңбегі лайықты бағаланбай отыр. Жиында сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған күндізгі орталық ашу қажеттігі де көтерілді. Себебі мұндай орталық олардың толық бейімделуі мен жүйелі қолдау алуы үшін аса маңызды.

СНХ: КЕНЖЕҒҰЛ СЕЙІТЖАН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ САНАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ, ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ: Мен ойлаймын бүгінгі 2 сағатта болған мәселелер мен өзім жазып алып, міндетті түрде қарастырамын. Қайсына депутаттық сауал, хат жолдау керек екенін. Жалпы біз біраз мәселелерді, бұған қарамай өзіміз де зерттеу жүргіземіз Қазақстан халқысының фракция ретінде. Жалпы міндетті түрде бұл менің де Мәжіліс депутуты ретінде, Президент жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттағы құқықтары жөніндегі өкілі ретінде бұл мәселелер, яғни инклюзияға байланысты, инклюзияны дамытуға байланысты мәселелерді жіктеп, жоғарғы деңгейде үкіметке жеткізу – менің міндетім болғандықтан, бұдан мен арылмаймын, кетпеймін.Қолымнан келгенше барлық жағдайлар жасаймын.

РКС: Өңірде инклюзивті білім беруді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде облыста 5 арнайы мектеп-интернат, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 21 түзету кабинеті және инклюзивті білім беруді қолдауға арналған 127 кабинет қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ерекше балаларға арналған «Аяла» мамандандырылған балабақшасы жұмыс істейді. Қазір шаһарда сөйлеу қабілетінде тежеуі бар балаларға арналған 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысан ерекше қажеттілігі бар балалардың қолжетімді әрі сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейтпек.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ