ДИКТОР: Алдағы апта әсіресе Ақмола облысының солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірде қарлы, бірде жаңбырлы. Желдің жылдамдығы бір бөлек. Синоптиктер қараша айының соңына дейін айа райы құбылмалы болады денен болжам айтып отыр.
РКС: Алдағы күндері аймақта ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Синоптиктер кей жерлерде желдің екпіні күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады дейді. Ал, оның соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін.
СНХ: ГҮЛЖАН БАЙМҰҚАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Ауа температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін, күндіз 3-8 градус аязға дейін төмендеуі күтілуде. Тек апта соңында ауа температурасының күндіз 2 градусқа дейін аздап көтерілуі мүмкін.
РКС: Алдағы тәуліктерде өңір аумағында Атлантикалық циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қараша айының ортасында күн күрт суытып, түнде сынап бағанасы 20-25 градусқа дейін аяз болса, күндіз 10-15 градусқа дейін суықтықты көрсетеді. Десе де, алдын ала болжамдар бойынша жалпы қыс мезгілі орташа жылы болады. Ал, аймақтың кей бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болса, кей жерлерде қар аралас жауын жауып, көктайғақ болу ықтимал.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ