ДИКТОР: Ақмола облысында көктем сайын таситын Жабай өзені тазартылып жатыр. Осылайша жергілікті билік өкілдері қазірдің өзінде су тасқынының алдын-алуға қам жасауға кірісті. Іргелі жоба корпоративтік қор есебінен қаржыландырылған. Үш жылдық жоспар аясында өзен жағасы да нығайтылады.
ЗКТ: Жабай өзені көктем сайын үш ауданға үлкен қауіп төндіреді. Мысалы жалғыз Сандықтау ауданы орталығында 100-ге жуық үй су астында қалудың алдында тұрады. Енді бұның бәрі артта қалды. Қазір Балкашино ауылындағы Жабай өзенінің табаны тазаланып, арнасы 35 метрге дейін кеңейтіліп жатыр.
СНХ: МЕҢДІБАЙ ҚОПАБАЕВ - БАЛКАШИНО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз өте ризамыз. Осы біздің ауданымызда осындай керемет бір жұмыс жүргізіліп жатыр. Өзен 3-4 метрге тереңдетіліп, кеңіп жатыр. Су да тазарды. Қаншама жұмыстар істелді. Риза болатынымыз осында қызметкерлер күні-түні жұмыс істеп жатыр.
ЗКТ: Балкашино ауылындағы өзенді тазартуға 4 млрд теңге бөлінді. Терендету жұмыстары былтыр басталды. Болашақта бұл жерде жаңа демалыс орны салынады.
СНХ: ДУЛАТ ЖАХИН - БАЛКАШИНО АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жерде жаңа жағажай болады. Яғни жергілікті тұрғындар мен туристердің қолайлы демалуына барлық жағдай қарастырылады. Өз кезегінде бұл өңірдің туристік әлеуетін көтеріп, саланы дамытуға зор мүмкіндік береді.
СНХ: ВЛАДИСЛАВ ГАЕВСКИЙ - МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Қазір өзенді тазарту жұмыстарына 50-ден астам техника жұмылдырылған. Оның 26-сы түбін тазалап, тереңдететін заманауи экскаватор. Сондай-ақ шамамен 2 млн текше метрге есептелген су қоймасын салып жатырмыз.
ЗКТ: Дәл осындай жұмыстар Атбасар ауданында да жүріп жатыр. Онда арнайы техника өзенді 10 метрге дейін тереңдетіп, бар қоқыс шығарылып жатыр.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.