ДИКТОР:Қосшы қаласына іргелес орналасқан Тайтөбе ауылының тұрғындарыдаалдағы уақытта көптен күткен таза ауыз сумен қамтылады.Қазір мұнда орталықтандырылған су жүйесінің құрылысы аяқталуға жақын. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС:Аталған жоба 2017 жылы басталғанымен, жауапсыз мердігерлердің салғырттығынан орта жолда тоқтап қалған еді. Тек былтыр құрылыс жұмыстары қайта жанданып, бүгінде нақты нәтиже көрсетіп отыр.

СНХ: ПАРАСАТ ДОСМАҒАМБЕТОВ , ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Объектің сумасы ¬ - 1 млрд 400 млн теңге. Қазіргі жұмыстар 97%-ға аяқталды. 2025жылы биыл енді 15 қарашаға дейін Тайтөбе ауылы толықтай ауыз су орталықтанған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

РКС:Су құбырының жалпы ұзындығы - 50 шақырым. Бұған дейін тұрғындар тіршілік нәрін құдықтан тасып, талай жыл әбігерге түсіп келген еді. Енді жаңа су жүйесінің арқасында 7 мыңнан астам адам үздіксіз, санитарлық талаптарға сай таза ауыз суға қол жеткізеді.

СНХ:САНСЫЗБАЙ ХАМЕТОВ, МЕРДІГЕР: Жаңа сорғы станциясы салынды. Үш скважина бұрғыланды.Су ауылдан 8 шақырым жерде орналасқан екі артезиандық скважинадан келеді. Қазір абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бірер күнде электр жүйесіне қосып, ауылға су жіберіледі.

РКС:Мұндай бастамалар инфрақұрылымдық жобадан бөлек, ең алдымен ауылдағы ағайынның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, елдімекенге тың серпін бермек.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ