ДИКТОР: Облыста 330 мыңға жуық адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Биыл спортпен айналысатындар саны 3,5 процентке артты. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл басынан бері 11 мыңнан аса спорттық іс-шара өткізілді.

РКС: Жыл басынан бері 3 облыстық спартакиада, 9 спорт түрі бойынша «Отан» облыстық спартакиадасы, 9 спорт түрі бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы облыстық спартакиада өткізілді. Сондай-ақ 5 спорт түрі бойынша «Ақ бидай» жазғы облыстық спартакиадасы ұйымдастырылды.

СНХ: ӘДІЛЕТ ҚАЙЫРКЕН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 2025 жылы өткізілген ірі спорттық бұқаралық іс-шаралар – 2 кезеңмен жаппай шаңғы жарысы өткізілді. Облыстың 12 өңірінен «Шаңғымен ауылға» жобасы аясында 1,5 мыңнан астам адам қатысты. Жыл сайыңғы «Durabay Ice - 2025» қысқы жүгіру жарысына 2025 жылғы 15-ші ақпанда Бурабай көлінің мұз айдынында мыңнан астам адам қатысты. «Бірлік» жүгірісі – Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған 600-ге жуық қатысушы. Көкшетау қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан жетінші республикалық спартакиада өтті.

РКС: Бұдан бөлек облыста «Aqbura Trail» Бурабай курорт аумағындағы Ақбура демалыс аймағында бесінші халықаралық «Trailer» жүгірісі өтті. Іс-шара Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Испания, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Беларусь, Италия елдерінен 1,5 мыңнан астам спортшыны біріктірді.

СНХ: ӘДІЛЕТ ҚАЙЫРКЕН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «POLICE RUN» марафоны — 2025 жылғы 21 маусымда Көкшетау қаласында Қазақстан полициясы күні мен Динамо дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. 500-ден астам адам қатысты – полиция қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әуесқойлар. Облыста құқық қорғау және күш құрылымдарының қызметкерлері арасында облыстық спартакиадалар үнемі өткізіліп тұрады. Ақмола облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында «Жауынгер» спартакиадасы өткізілді. Осындай іс-шаралар аясында жарыстар мынадай спорт түрлерін қамтиды: шағын футбол, волейбол, дойбы , шахмат және жауынгерлік күрес түрі.

РКС: Айта кетейік, облыста damubala.kz платформасы арқылы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік спорттық тапсырыс жобасы белсенді түрде дамып келеді. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды спорт пен дене шынықтыруға тарту ісіне ерекше көңіл бөлінуде. Үш жыл қатарынан «Мүмкіндігі және қозғалысы шектеулі адамдардың спорт залдарға баруына жағдай жасау» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба сәтті жүзеге асырылып келеді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ