ДИКТОР: Облыстың денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып, жаңғыру үстінде. Өңірде медициналық ұйымдар жаңа цифрлық технологияларды мейлінше көбірек енгізуге талпынуда. Бұл мамандардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, пациенттердің медициналық көмекті алу процесін ыңғайлы әрі жылдам етеді.
РКС: Бұрын дәрігерлер әр пациенттің деректерін қағазға тіркеп, жүргізетін. Қазір ем алушылардың деректері біртұтас электронды базада сақталады. Ақмола тұрғындарының күнделікті өміріне цифрлық кезек, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен дәрі-дәрмектерді босатуға арналған электронды рецепттер сияқты қызметтер қарқынды енгізілуде. Маңыздысы, бұрын уақытша еңбекке жарамсыздық парағы қағаз түрінде берілгенде, олардың жалған болуы мүмкін жағдайлар кездесетін. Қазіргі жүйенің арқасында мұндай мүмкіндік мүлде жойылды.
СНХ: САДДАМ АМАНЖОЛОВ, «VIAMEDIS» СЕРІКТЕСТІГІ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұл біріншіден, пациент пен дәрігер үшін ыңғайлы. Сонымен қатар, пациенттің барлық деректері мен нәтижелерін жоғалту қаупі жойылады. Екіншіден, ақпараттық жүйе қазіргі уақытта «EGOV.KZ» және «ENBEK.KZ» сияқты базалармен шоғырландырылған. Осы жүйе арқылы бүгінде барлық уақытша еңбекке жарамсыздық парағы электронды форматта рәсімделеді.
РКС: Сонымен қатар, цифрлық технологияларды енгізу қарттарды немесе түрлі себептермен смартфон қолданбайтын пациенттерді де назардан тыс қалдырмайды. Оларды қызметпен қамтамасыз ету үшін колл-орталық жұмыс істейді, онда мамандар күн сайын азаматтардың өтініштерін қабылдап, өңдейді.
СНХ: АЙГҮЛ ЖҰМАНОВА, «VIAMEDIS» ФИЛИАЛЫНЫҢ АҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕГИСТРАТОРЫ: Біз пациенттерді терапевтерге, педиатрларға, гинекологтарға және басқа да сұранысқа ие мамандық дәрігерлеріне жазамыз. Келген қоңырауларды бөлеміз. Кейде шұғыл немесе төтенше жағдайдағы пациенттер болады. Мұндай жағдайда оларды біздің кезекші дәрігерлерге бағыттаймыз. Егер шұғыл жағдай болмаса, оларды алдағы уақытқа жазып қоямыз.
РКС: Медицина саласын цифрландыру бүкіл облыс бойынша жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері қыркүйекке дейін облыстың аудандарында емхана қызметтері арқылы 173 консультация өткізілген. Оның 128-і онлайн форматта жүргізілді. Бұл шаралар медициналық көмекті әрбір тұрғынға жақынырақ, қолжетімді әрі тиімдірек етуге мүмкіндік бермек.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ