ДИКТОР: Еліміз боцынша 15 облыстық балалар ауруханасы жаңартылып жатыр. Соның бірі Көкшетаудағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы. Жаңғырту жұмысына 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған 10 жаңа медициналық жабдық сатып алынған. Жыл соңына дейін тағы заманауи 8 жабдық жеткізілмек.
РКС: Балалар ауруханасын жаңарту арқылы медициналық мекемелерге консультациялық және диагностикалық көмекті жүзеге асыруға, озық технологияларды енгізуге мүмкіндік бермек. Жас мамандарды тарту мәселесі де басты назарда.
СНХ: ЖАНАР ӘУБӘКІРОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Балалар анестезиологиясы мен жан сақтау бөлімі 4 жас маманға толықты. Жан сақтау бөлімі толық 100 процентке қажетті мамандарға толықты деуге болады. Бұл мамандар аурухана қабырғасында да, өңір бойынша да медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, бөлімдеріміз қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталды. Айтап айтқанда, біздің ауруханаға өкпеге арналған арнайы дем алу желдеткіші, таныс алу аппараттары, заманауи мониторлар және гемофильтрация аппараттары сатып алынды. Бұл өз кезегінде балаларға медициналық көмек көрсету сапасын айтарлықтай жақсартады.
РКС: Медицина қызметкерлері симуляциялық курсы бойынша оқытылады. Арнайы сабақ Көкшетау медициналық колледжінің қабырғасында өткізіледі. Кабинеттер пациентке ұқсас макеттермен жабдықталған.
СНХ: ЕРБОЛ ЖҰМАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз өз мамандарымызды жылдам, әрі жұмыла түрде әрекет етуге үйретеміз. Себебі алғашқы минуттан бастап адамның өмірі тікелей бізге байланысты. Біздің жан сақтау бөліміне арналған бағдарлама Еуропалық, ал жүрек бөліміне арналған бағдарлама Америкалық жүйеге негізделген. Бір сөзбен айтқанда халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Біздің оқытуымыздың басты мақсаты - пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту. Сонымен қатар, қызметкерлерімізді төтенше жағдайларға арналған алгоритмді әзірлеуге үйрету.
РКС: Оқыту курсттарына ерекше басымдық беріліп отыр. Осы мақсатта ауруханада тәлімгерлік орталығы да ашылды.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ДЕБЕЛО, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әрбір жас маманға тәжірибелі тәлімгер бекітілді. Олар өз тәжірибесімен және практикалық дағдыларымен бөліседі. Осылайша олар жас мамандардың кәсіби жолындағы алғашқы қадамында дұрыс бағыт-бардар көрсетіп, көмектеседі.
РКС: Сонымен қатар, аурухананың операциялық бөлімі де жөнделіп жатыр. Биыл 14 жас маман жұмысқа қабылданады. Осылайша, медициналық тапшылық толығымен жойылмақ. Айта кетейік, өңірде нәрестенің шетінеуі 14,5, ал балалардың өлім-жітімі 30,5 процентке төмендеген.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ