ДИКТОР: Қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі - алимент мәселесі. Алушы мен төлеушінің алименттің мәнін жете түсінбеуі салдарынан көптеген даулар орын алып жатады. Ақмола облысында алимент төлемегендердің саны 12 мыңнан асады. Көбінесе шағым жеке сот орындаушыларға келіп түседі.
РКС: Өңірде 60-тан астам жеке сот орындаушысы жұмыс істейді. Оның 36-сы Көкшетауда. Соның бірі - Олжас Хасенов. Жыл басынан оған алимент бойынша 57 шағым келіп түскен. Алимент төлеуден жалтару - бүгінгі күннің ең өткір мәселелерінің бірі. Жасыратыны жоқ, ажырасқаннан кейін баласын асыраудан қашатын азаматтар көбеюде. Тіпті, табысын жасырып, мүліктің барлығын жақындарының атына жазып, бейресми түрде жұмыс істейді немесе мүлде жұмыссыз ретінде тіркеліп, жауапкершіліктен қашады, - дейді Олжас Хасенов.
СНХ: ОЛЖАС ХАСЕНОВ, ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ: 57 шағым келіп түсті. Барлығы бойынша жауап берілді. Баланың мүдделерін мемлекет қорғайды. Сондықтан, алимент өндіріп алу және бақылау үшін сот орындаушысына беріледі. Алимент төлемеу бойынша объективті себептер бар. Қаржылық қиындықтар, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында жанжал бар. Әкесінің жауапкершілік туралы эмоционалды жетілмегендігі бар.
РКС: Заңнамаға сәйкес, бір бала үшін ата-ананың ай сайынғы табысының төрттен бір бөлігі, екі балаға үштен бір, үш немесе одан да көп болса табыстың жартысы алимент ретінде белгіленеді. Бұл - тек бастапқы мөлшер ғана. Сот қажеттілікке қарай бұл соманы көбейтуі немесе азайтуы мүмкін. Шағым түскен сәттен бастап жеке сот орындаушысы белгіленген уақыт ішінде қажетті шараларды қабылдау тиіс.
СНХ: ОЛЖАС ХАСЕНОВ, ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ: 5 күн ішінде. Сондай-ақ, жеке сот орындаушылар палатасына, әділет департаментіне, сотқа шағым беруге болады.
РКС: Егер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде алимент өндіріп және басқа да әлеуметтік істер бойынша белсенді жұмыс атқармаса лицензиясынан толық айырылады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ