ДИКТОР: Мысырдың Каир қаласында 9-18 қазан аралығында өткен пара пауэрлифтингтен Әлем Чемпионатында Қазақстан Республикасының спорт шебері, жерлесіміз Давид Дегтярев айрықша нәтижеге қол жеткізіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Чемпионды Астана қаласының әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.
ИНТЕРШУМ:
ДИКТОР: Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 191 келіні көтеріп, ел қоржынына алтын медаль түсірді. Сондай-ақ, үш мүмкіндіктің жиынтық қорытындысы бойынша тағы бір алтын медаль жеңіп алып, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, жерлесіміз Давид Дегтяревтің нәтижесі Азияның жаңа рекорды ретінде тіркелді. Айта кетейік, спортшыны жарысқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесников дайындаған.
СНХ: ДАВИД ДЕГТЯРЕВ, ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Басты мақсатым - айлап дайындалған жаттығуымды көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткізу еді. Әлем чемпионатына алты ай көлемінде дайындалдым. Маған үнемі қолдау көрсеткен барлық жандарға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Келер жылы Азия және Океания чемпионаты өтеді. Енді тыңғылықты дайындықты бастаймын. Кейін Азия ойындары болады – ол келер жылдың ең басты додасы. Биыл біз үшін маңызды қадам – бұл әлем чемпионаты еді.