ДИКТОР: Биыл Астрахан ауданында 3 миллиард теңгеге жуық 6 жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 105 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Аудан экономикасы, әсіресе ауыл шаруашылығы, құрылыс және инвестиция тарту бағыттарында тұрақты дамып келеді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында аудан халқымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.
РКС: Астрахан ауданы – өңірдің аграрлық әлеуеті жоғары аймақтарының бірі. Биыл ауданға 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның басым бөлігі көктемгі егіс пен күзгі орақ жұмыстарына бағытталған. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына қайтарымсыз субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер арқылы тұрақты қолдау көрсетілуде. Аймақ басшысы Марат Ахметжановтың айтуынша, мемлекеттік қолдауға ие болған шаруалар өз қызметкерлеріне әділ әрі лайықты еңбекақы төлеуі тиіс. Себебі халықтың тұрмыстық жағдайы - ауданның даму деңгейін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі », – деді ол.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өнім көлемі артқан сайын халықтың тұрмыс деңгейі де соған сай жақсаруы қажет. Алайда кейде мол өнім мен мемлекеттік қолдауға қарамастан, механизаторлардың еңбекақысы өзгеріссіз қалып жатады. Бұл – әділетсіздік. Мемлекет ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Қарапайым еңбек адамдарының еңбегі әділ бағаланып, еңбекақысы лайықты деңгейде болғанда ғана ауыл көркейіп, халықтың тұрмысы жақсарады.
РКС: Ауданға инвестиция тарту мәселесіне де айрықша назар аударылды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов аудан басшыларына өз өңірлерінде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап, инфрақұрылымды дамыту қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, келер жылдан бастап корпоративтік және жеке табыс салығының бір бөлігі жергілікті бюджетте қалмақ. Бұл өз кезегінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді жергілікті деңгейде дербес шешуге мүмкіндік береді. Кездесу барысында тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында ауыл шаруашылығы саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген бір топ аграршы Алғыс хаттармен марапатталды.
ЛЮФТ: Когда я сегодня пример приводил 30-32 центнера с гектара урожая получили в этом году. Я всем говорю, что эффективное целевое использование средств, когда есть результат, я уже с акимом разговаривал, и дал поручению моему заместителю по сельскому хозяйству и СПК. Вы первая получите помощь льготного кредитования.
- 21 год 5 тысяч зерна говорит, намолотил, вот вам герой труда. Вы знаете, раньше за такое давали высокие госнаграды. Молодой парень 21 год вот на кого надо ровняться. Очень рад, что такие ребята у нас растут, живут.
РКС: Бүгінде аудан диқандары 367 мың гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдардың орағын аяқтады. Жалпы 550 мың тоннадан астам астық жиналды. Есептік кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ