ДИКТОР: Ақмола облысының ұлттық экономикалық картадағы орны нығайып келеді. Жыл басынан бері өңірге 556 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге көп. Өндіріс саласының сұранысы жоғары. Осы ретте инвестициялық бағдарламалар аудандар мен қалалар қарқынды жүзеге асуда. Айта кетейік, аймақтағы инвесторларды қолдауға AQMOLA INVEST жұмыс істейді.

РКС: Инвестиция дегеніміз - жаңа зауыттар, тұрақты жұмыс орындары және ел экономикасының дамуы. Осы ретте өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті тұрақты өседі. Мәселен, AQMOLA INVEST 39 ірі жобамен ынтымақтастық туралы келісшартқа отырып, инвесторларға басынан соңына дейін қолдау көрсетеді. Облыс әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу басым бағыттарды, инфрақұрылымдық қажеттіліктерді, өңірде жаңа кәсіпорындар ашу үшін қолжетімді алаңдарды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі өңірлердің инвестициялық тартымдылығын қалыптастырудағы маңызды элемент болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, олар аймақтың ресурстары мен мүмкіндіктерін нақты экономикалық нәтижеге айналдыратын өңірлік дамудың негізгі драйверлеріне айналуы тиіс. «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тұрғын үйлерді реновация бағдарламасы аясында жаңғыртудан өткізуге тәжірибелері жеткілікті. Енді олар Ақмола облысының индустриялық аймақтарын басқарушы компанияға айналуда.

РКС: Бүгінде өңір экономикасындағы өңдеу саласының үлесі 26,6 пайызға жетті. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру аясында Ақмола өңірі елорда маңындағы өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Айта кетейік, облыста Өндірістік жобалар пулы құрылған. Ол 41 жобадан тұрады. Биыл 14 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл жалпы құны 21,5 миллиард теңгені құрайтын 3 кірпіш шығаратын зауытты ел игілігіне беру жоспарланып отыр. «SG-Brick» зауыты Аршалы ауданында, "Бозайғыр" және "КирпКаз" зауыттары Шортанды ауданына іске қосылады. Кәсіпорындар жылына 380 миллион кірпіш шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ, "Kazak Food Market" жарма өндіру зауыты пайдалануға беріледі. Жоба құны 3,8 млрд.теңге. Одан бөлек, Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің 4-ші кезенің кеңейту жоспарда бар. 1,5 млрд.теңгені құрайтын "Қазақстан агроинновациялық корпорациясы" іске қосылады. Сонымен қатар, «KAZROST ENGINEERING» және «КАЙК» кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы техникаларын ұлғайту жоспарлануда.

РКС: Сондай-ақ Ақмола облысы тау-кен өнеркәсібінде де жетекші орынға ие. Өңір еліміздің алтын рудасының жартысын және алтынның 28 проценттін өндіреді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ