ДИКТОР: Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл. Мерейлі датаға орай Көкшетауда салтанатты шара ұйымдастырылып, азаматтық қорғаныс қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: 1995 жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласына жауапты орталық атқарушы орган – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Жыл сайын қазанның 19-ында Құтқарушылар күні атап өтіледі. Қызметкерлерді салтанатты марапаттауға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Соңғы үш жыл ішінде құтқарушылар тарапынан 14 мыңға жуық жедел шығу шаралары жүзеге асырылды. Олардың барысында шамамен 7 мың ақмолалық құтқарылды. Зардап шеккен 500-ден астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Мамандардың жоғарғы кәсібилігінің арқасында барлық құтқару операциялары жоғары деңгейде өтуде. Сіздерге халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында атқарып жүрген еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
РКС: Ақмола гарнизонның 1 жарым мыңнан астам құтқарушысы өздерінің қаһармандығын көрсете отырып, қиындыққа тап болған адамдарға көмек көрсетуде. Олардың ішінде мереке аясында арнайы марапаттарға ие болған Ербол Құлышев пен Талғат Айтбаев бар.
СНХ: ТАЛҒАТ АЙТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Азаматтық қорғау органдарында 20 жылдан астам жұмыс істеп келемін. Құтқарушылардың кәсіби мерекесінде осындай марапатқа ие болғаныма қуаныштымын. Баршаңызға денсаулық, сәттілік, амандық тілеймін. Сондай-ақ жастарға айтарым – елімізге аса қажетті әрі абыройлы бұл мамандықты таңдап, азаматтық қорғау органдарының қатарына қосылыңыздар.
СНХ: ЕРБОЛ ҚҰЛЫШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Қазіргі уақытта мен Төтенше Жағдайлар Министрлігінің 30 жылдығына арналған медальмен марапатталып отырмын, бұл мен үшін үлкен қуаныш. Жастарға өрт сөндіру қызметіне қосылуды ұсынамын. Біз апаттық-құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын атқарамыз. Жас мамандармен бірге оқу-жаттығулар өткіземіз. Менің ойымша, бұл салада аса қиындық жоқ, ең бастысы – мақсат. Ал біздің мақсатымыз – адамдардың өмірін құтқару. Алға, Қазақстан! Бұл – ең абыройлы мамандық!
РКС: Шара барысында азаматтық қорғау саласының дамуына зор үлес қосқан ардагерлер құрметке бөленді. Олардың қосқан үлесі мен адал еңбегі әріптестер тарапынан үлкен құрметке ие. Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ