ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: "Еліміздің цифрлық дамуының қозғаушы күші кәсіпкерлер болуы керек. Бірақ бұл секторды жүйелі түрде дамытпай, біз экономиканы да, өмір сапасын да жақсарта алмаймыз" - деді. Осы ретте, "Даму" қоры жеңілдетілген қаржыландыру, кепілдіктер мен субсидиялар беріп кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде. Бұл бағдарламаның арқасында мыңдаған жұмыс орындары ашылып, бюджетке миллиардтап салық түсті.
РКС: Бүгінгі таңда кәсіпкерлер 3 негізгі құралға қол жеткізе алады: жеңілдікті қаржыландыру, қамтамасыз етудің жеткіліксіздігіне кепілдік және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. Бұл бизнестің тұрақты дамуына қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЙДӘУЛЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ «ДАМУ» ҚОРЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл бізде қолдау көрсету тетіктерінің шарттары мен құрылымы өзгеріп, трансформация жүріп жатыр. "Өрлеу" бағдарлама аясында 12,6 процетпен 7 млдр.теңгеге дейін несие ала алады. Екінші көрсетілген бағдарлама аясында кәсіпкерлерге 7 млрд.теңгеге дейінгі несие сомасының 75 процентіне дейін кепілдік қарастырылған.
РКС: 2010-2024 жылдар аралығында қолдау алған компаниялар 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке 449 миллиард теңгеден астам салық түсірді. Олардың қатарында "Каратэ әлемі" серіктестігі де бар. Биыл мекеме арнайы жаттықтыруға орын алу үшін банктен несие алды. "Кепілдік беру қоры 1" бағдарламасы аясында кепілдік алды. Бұл спорт үйірмелерін кеңейтуге, балалардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
СНХ: РУСЛАН НҰРҒАЛИЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Бұл үлкен қолдау, өйткені несие алу өте қиын екені жасырын емес. «Даму» қоры бұл мәселені қарастырып, бізге көмектесті.
РКС: Мемлекеттен бірнеше рет қолдау алған компанияның бірі – "Milk Project". Тамыз айында кәсіпорын банктен жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бойынша несие алды. Бұл кәсіпорынға өндірісті одан әрі дамытып, өңірдің ауыл шаруашылығы саласына зор үлес қосуға мүмкіндік берді.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ ӘШІМОВА, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Мемлекеттің қолдауы мен пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың арқасында біз қосымша жабдық сатып алдық. Бұл өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Қазір тәулігіне 70-80 тонна табиғи сүт өнімдерін шығарамыз.
РКС: "Wellness & Resort" серіктестігінің туристік жобаларының бірі – Бурабай курортық-аймағында орналасқан "Les" қонақ үйі. Бұл нысанның құрылысына пайыздық жеңілдетілген несие берілді. Одан бөлек, қор кепілдік берген. Нәтижесінде, құрылыс жұмыстары сәтті аяқталып, өңірдің туризм саласын дамытуға ықпал етті.
СНХ: МАҚСАТ ӘЛІМБЕТ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: «Даму» қорының несиесінің бірінші кезеңін 2023 жылы алдық. Оған жаңа демалыс орындарын салдық. Содан кейін екінші кезеңде спа салдық. Үшінші кезеңде мейрамханамызды кеңейтіп, жаңа бірегей үйлер салып жатырмыз. Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік бағдарламалар үлкен қолдау беруде.
РКС: Кәсіпкерлерді қолдаудың кешенді шаралары тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік мәселелерді де шешуге көмектеседі. Жаңа кәсіпорын дегеніміз бұл жаңа жұмыс орындар. Одан бөлек өңір инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ