ДИКТОР: Қазақстанда алғаш рет халықаралық FIFA Arena пилоттық жобасы іске қосылды. Аталған жоба балалар футболын дамытуға бағытталған. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Елімізде мұндай екі жоба іске қосылуда. Алғашқы болып Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінде ашылды. Енді 900-ге жуық жас спортшының жаңа футбол алаңында спортпен айналысуға мүмкіндігі бар. Футбол алаңының салтанатты ашылуына облыс әкімі Марат Ахметжановпен бірге FIFA федерациясының өкілі Эльхан Маммадов, Қазақстан Футбол федерациясының президенті Марат Омаров қатысты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін біз әлемдегі ең ірі спорттық ұйымдардың бірі FIFA қолдауымен салынып, бізге сыйға тартып отырған футбол алаңын ашқалы отырмыз. Бүгін спорттық нысанының есігін ашып қана қоймай, денсаулық, күш және үлкен спорттық жетістіктердің әлеміне есік ашып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде бұқаралық спортсыз дені сау жастарды тәрбиелеу және бүкіл ұлттың денсаулығын нығайтуға қол жеткізу мүмкін емес деп айтқан болатын.
РКС: FIFA федерациясының қолдаумен әлем бойынша мыңнан астам футбол алаңы салынады деп жоспарланып отыр. Ал Қазақстан Республикасы бойынша Қазақстан Футбол федерациясымен бірлесіп мұндай 100 спорттық алаңы салынуда. Айта кетейік, мұндай жобаның құны шамамен 40–50 мың доллар.
СНХ: ЭЛЬХАН МАММАДОВ, FIFA ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АССОЦИАЦИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ: Қазір біз Қазақстанның Футбол федерациясымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазақстан Футбол федерациясы түрлі өңірлерде тағы 100 алаң салуға инвестиция салуды жоспарлап отыр. Қазір осы алаңдардың геолокациясына қатысты ақпаратты күтіп отырмыз. Бұдан бөлек, тағы бір өңірде алаңның ашылуы алдағы аптада өтпек. Футбол федерациясының мақсаты – бұл алаңдарды елдің түкпір-түкпіріне орнату. Біз федерацияның бұл бастаманы Астана қаласынан емес, өңірден бастағанына өте қуаныштымыз.
СНХ: ДӘУРЕН ЖҰМАТ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Алаңының ашылуымен құттықтаймыз. Біз өте қуаныштымыз осындай алаңдар ашылғанына. Осындай алаңдар арқылы біздің Қазақстанда футбол және Көкшетаудағы футбол дамиды деп ойлаймыз. Жас балалар үшін үлкен мүмкіндік. Сол жас балалардың ішінде Қазақстанның футбол жұлдыздары шығады деп үміттенеміз.
РКС: 2027 жылы Көкшетауда 10 мың орынға жабық стадион салынады деп жоспарланған. Жоба құны 29 миллиард теңге. Бұл спортты дамытуға, заманауи әрі сапалы футбол алаңдарына қолжетімділікті арттырады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ