ДИКТОР: Түркістан облысының Кентау қаласында 12–13 қазан күндері кадеттер мен жасөспірімдер арасында каратэ-до шотоканнан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Ақмола облысынан 15 спортшы қатысып, жүлделі оралды.
РКС: Қазақстан чемпионаты аясында республикалық турнир де ұйымдастырылды. Осы додада жас спортшыларымыз 13 медаль жеңіп алды.
СНХ: РУСЛАН НИКОЛЕНКО, ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Бұл біз үшін биылғы алғашқы Қазақстан Республикасының чемпионаты болды. Келесі жарысымыз Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионаты, оған да өз командамызды қатыстырмақпыз. Барлық жүлделі орындарды жеңіп, алтын медальды да әкелеміз деп сенемін. Жалпы, турнир өте сәтті өтті. Командамыз өз деңгейінде лайықты нәтиже көрсетті. Мұндай ауқымды додалар жиі ұйымдастырылады. Халықаралық турнирлер, әлем және Азия чемпионаттары, әлем кубоктары – біз әрдайым командамызбен жоғары нәтиже көрсетіп келеміз.
СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Чемпионат аясында балалар арасында Республикалық турнир өтті. Екі жарыстың ішінде біздің спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізді. Біздің спортшыларымыз 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алса, Қазақстан Республикасының чемпионатында 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып келді. Ол біз үшін өте жақсы нәтиже. Бірақ біз толық команданы апарған жоқпыз, өйткені алдағы уақытта қараша айының аяғында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Азия чемпионаты өтеді. Осы жарысқа дайындалып жатырмыз.
РКС: Жаттықтырушының айтуынша каратэ-до шотоканмен 3 жастан бастап айналысуға болады. 3 жыл ішінде жас спортшылар қалалық және облыстық жарыстарға қатысуға дайын болады. Руслан Дүкембаевтің қызы Әдемі де спорттық жолын үш жасынан бастаған. Қазір түрлі додаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
СНХ: ӘДЕМІ ЖАҚСЫЛЫҚ, ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Негізі осы жарыс жақсы деңгейде өтті. Барлық спортшылар өте мықты. Жамбыл, Шымкент, Түркістан және тағы да басқа облыстар осы жарыста болды. Өте үлкен деңгейде өтті. Менің қарсыластарым Жамбыл облысынан, Түркістан облысынан болған. Қарсыластарым өте мықты спортшылар. Менің өмірлік жоспарларым каратэмен айналысу, балаларды жаттықтыру және алда қойған армандарды спорт саласына жеткізу.
РКС: Қараша айында Өзбекстанда 20-дан астам мемлекеттің қатысуымен Азия чемпионаты өтеді. Дүюірлі додағы өңір спортшылары да дайындықты бастап кетті.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ