ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының ұйымдастыруымен Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында құтқарушылардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегі мен батыл қызметі ерекше аталып өтті. Сонымен қатар академияның үздік қызметкерлері мен курсанттарына құрмет грамоталары мен мерейлі марапаттар табыс етілді.

РКС: Отыз жыл ішінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі үлкен даму жолынан өтіп, өз қызметін жетілдіру мақсатында бірқатар құрылымдық және ұйымдастырушылық өзгерістерді жүзеге асырды. Мерекелік шараға Академия ұжымы мен курсанттар, қызмет ардагерлері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Салтанатты жиын барысында құтқарушылардың халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және елді табиғи әрі техногендік апаттардан қорғаудағы маңызды миссиясы ерекше атап өтілді.

СНХ: ЖАНДОС МӘКІШЕВ, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін бізде министрлігінің саласында 30 жылдық мерейтойымыз он тоғызыншы қазан Құтқарушылар күні осы орайда бүгін әріптестерімізбен, курсанттарымызбен мерекелік іс шараларды өткізейін деп отырмыз. Осы мереке қарсаңында әріптестеріме жүйесінде жүрген барлық. Қызметкерлерге курсанттарымызға жұмыста табыскада озат жетістіктер тілейміз еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.

РКС: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Отанға адал қызмет етуді өз өмірінің мақсатына айналдырған, жауапкершілігі жоғары әрі мәртебелі мамандықты таңдаған жастар білім алуда. Көптеген курсанттар үшін бұл - саналы таңдау болса, кейбірі үшін ата-баба жолын жалғаған отбасылық дәстүр. Мәселен, екінші курс курсанты Әлия Хасенова Ішкі істер министрлігінде қызмет еткен атасының үлгісін бойына сіңіріп, оның ісін жалғастыруды мақсат еткен.

СНХ: СНХ: ӘЛИЯ ХАСЕНОВА, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Менің туыстарым осы салада жұмыс істейді, бала кезімнен олар маған үлгі болды. Сондықтан болашақ мамандығымды таңдағанда, соларға қарап, бұл өте жақсы, әділ, абыройлы әрі адамдарға көмектесетін мамандық екенін түсіндім. Кішкентайымнан адамдарға көмектесу керек деген тәрбие алып өстім, сол себепті осы жолды таңдауға шешім қабылдадым.

РКС: Қонақтар мен қатысушылардың құрметіне арналған мерекелік концерт өтті. Сахна төрінде шырқалған патриоттық әндер мен Академия курсанттары және шығармашылық ұжымдарының өнері кештің шырайын кіргізіп, көрермендерге рухани әсер мен тамаша көңіл күй сыйлады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ