ДИКТОР: Шучинск қаласындағы № 9-шы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинетіне Марфуға Бектемірованың аты берілді. «Марфуға мұрасы – рухтың шамшырағы» атты бұл тағылымды шара – ұлт руханиятына із қалдырған аяулы ақынның мәңгілік мұрасына деген құрмет.
РКС: Марфуға Бектемірова – қазақ поэзиясында өзіндік үні бар ақын ғана емес, жақсылықтың жаршысына айналған журналист, қоғам қайраткері. Ақиқат пен нәзіктікті бір арнаға тоғыстырған ол, туған жерін, оның көз сүйсіндірер табиғатын, адам жанының терең иірімдерін шынайы сезіммен жырлап, оқырман жүрегінен үлкен орын алды.
СНХ: ЕСЕНГЕЛДІ СҮЙІНОВ, АҚЫННЫҢ ЖҰБАЙЫ: Оның өмірден өткеніне 10 жылдан асты. Содан бері біраз игілікті істер атқарылды. Ең алдымен сол Марфуғаның таңдамалы шығармаларының қос томдығы мемлекеттік тапсырыстар бойынша шықты. Астанадағы біз тұрған үйге меморалдық тақта орнатылды. Содан кейін мына Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Аққуым менің қайдасың» деген атпен үлкен шығармашылық кеш өтті. Сосын «Қызғалдақ ғұмыр» деген атпен естелік кітабы жарық көрді. Осының барлығы көзі көрген, жанашыр азаматтардың көмегімен жүзеге асырылды.
РКС: Ашылу салтанаттына елге сыйлы азаматтар мен ұстаздар қауымы қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті оқытылатын сыныпқа ақынның өмірі мен шығармашылығын қамтитын мазмұнды ақпараттық стенд жасалып, әдеби мұрасын танытатын дүниелер қойылған. Шара барысында ақын туралы естеліктер, әсерлі ой-пікірлер айтылып, жыр жинақтары мектепке тарту етілді.
СНХ: БАЛДЫҚЫЗ САПАРБЕКОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Білімінің қара шаңырағы атанған 9-шы мектеп гимназиясы үшін ерекше күн деп айтуға болады. Тарихи сәт депті айтуға болады. Өйткені осы қара шаңырақта білім алған, ақын, жыр падишасы Марфуға Бектемірованың есімі беруі біз үшін үлкен мақтаныш, үлкен абырой, үлкен мерей. Бұл ақынға деген құрмет дер едім. Сондықтан да осы кабинетін жабдықтауға ат салысқан кісілерге үлкен алғысымды, шексіз рахметімізді айтамыз.
РКС: Ақын мұрасын танытуға арналған мектепішілік әдеби кештер мен сынып сағаттары, сондай-ақ аудандық және облыстық деңгейдегі Марфуға оқулары мен ғылыми жобалар байқаулары ұйымдастырылуда.
ИНТЕРШУМ: ӨЛЕҢ ОҚУ
СНХ: АЙЗЕРЕ АМАНГЕЛДІ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Балдықыз Мұсақұлованың арқасында біз қазақ әдебиеті мен қазақ тіліне өте құштар балалармыз. Бүгін міне осындай әдеби кеш өтіп жатыр. Біздің мектебіміз осылай көркейіп жатқанына өте қуаныштымын. Мен Марфуға Бектемірованың ізбасары болғым келеді. Әр түрлі Марфуға Бектемірованың оқуларына қатысқан едім. Менде Марфуға Бектемірова сияқты өлеңдер мен жырлар жазғым келеді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ