ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры ұжым және қоғам өкілдерімен дәстүрлі есептік кездесу өткізді. 2024–2025 оқу жылы оқу ордасы үшін маңызды оқиғалар мен жарқын жетістіктерге толы кезең болды. Бұл табыстар Ғылым және жоғары білім министрлігінің тұрақты қолдауының нәтижесінде жүзеге асты. Университеттің басты жетістіктері жөнінде әріптесім Сәния Есімсейітова баяндайды.
РКС: Былтыр Ғылым, инновация және халықаралық рейтингтер бағытында университет елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Білім ордасы THE Impact Ranking көрсеткіші бойынша Қазақстан университеттері арасында 1-орынға ие болып, бұл әлеуметтік әділеттілік пен сапалы білім беру саласындағы жоғары жауапкершілігін айқындады. Сондай-ақ, QS Asia University Rankings тізімінде университет бір жыл ішінде 40 позицияға жоғарылап, өңірлік беделін арттырды.
СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Биыл мега грант ұттық. Сол бойынша 3 млрд сумма ұттық. Осы суммаға біз алдағы уақытта 5 лобаратория жасаймыз, ауыл шаруашылық саласы бойынша. Одан бөлек 6 грант ұтып отырмыз. Әсіресе осы тұста жас ғалымдарды атап өткім келеді. Қазір 50-ден аса жас ғалымымыз бар. Солар өздерінің еңбегінің нәтижесін көріп жатыр. Оның суммасы 700 миллион. Ол үлкен стимул біздің жас ғалымдарға. Бұл ғылыми жұмыстар қаланың дамуына тікелей әсер етеді. Экология мәселесі болсын, тазалық мәселесі болсын.
РКС: Биыл студенттер саны айтарлықтай артты. Егер бұрын 4 жарым мың студент болса, қазір олардың қатары екі есеге өсті, – дейді университет ректоры. Осы өсімге байланысты өткен жылы студенттерге арналған екі бірдей жаңа жатақхана пайдалануға берілген.
СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Негізі студентердің көбі басқа облыстардан келеді. Олар әрине жатақхана сұрайды. Біз осы мәселеге біраз қиналып жүргенбіз. Бірақ, былтыр біз екі жатақхана салдық. 500 орынға. Үлкен мәселені шешіп тастадық. Айналасын көгалдандырдық, абаттандырдық. Стадиондар салдық. Біз ең алдыңғы қатарлы университет болып саналамыз. Жаңылмасам 2000-дай серпін студент білім алады. Биыл да 200-ден аса серпін бағдарламасы бойынша студент алып отырмыз. Әрине жатақхана мәселесі бірінші кезек соларға керек. Ал шетелдік студенттер бойынша бізде көрсеткіш өте жоғары. Тек қана Үндістаннан бізде 500 студент оқиды.
РКС: Сондай-ақ, AI SANA жобасы да ерекше атап өтілді. Бағдарлама аясында 8 мың студент білім алды. Айта кетейік, AI SANA Ideathon бойынша 100 студент университеттің бизнес-инкубаторы және Aqmola Hub орталығының қолдауымен өздерінің ІІ-стартаптарын әзірлеуде.
СНХ: ЖАЙЛАГҮЛ САҒЫНДЫҚОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Биыл біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі – жасанды интеллектті оқу процесіне және университеттің ғылыми қызметіне енгізу болды. Сонымен қатар студенттермен байланыс орнатуды жеңілдететін арнайы ІІ-агенттер әзірленді. Біз республикалық AI SANA жобасы аясындағы жұмысымызды жалғастырып келеміз. Қазір бірінші курс студенттерінің барлығы 1 қарашаға дейін Astana Hub және Huawei платформаларында жасанды интеллект негіздері бойынша курстан өтеді.
РКС: Ғылыми әлеуетті дамыту бағытында да тың серпіліс байқалды: жалпы құны 4,6 миллиард теңгені құрайтын 33 ғылыми жоба жүзеге асырылды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 190-нан астам ғылыми мақала халықаралық және республикалық басылымдарда жарық көріп, 46 авторлық куәлік пен 9 патент алынды. Бұл – университет ғалымдарының инновациялық әлеуеті мен ғылыми ізденісінің жоғары деңгейінің көрсеткіші.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ