ДИКТОР: Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Жыл басынан бері облыста бұл бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынды. Сонымен қатар, құқықтық кеңестер беріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізіліп жатыр. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер де ат салысуда. Тек мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде 900 миллион теңгеден астам қаржы үнемделген.

РКС: Мемлекет басшысының Жарлығымен 30-шы маусымнан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрамына енді. Бұл құрылымдық бөлімше сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдап, жан-жақты қарастырады.

СНХ: ӘНУАР ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың айрықша аспектісі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға баса назар аудару екенін атап өткім келеді. Былтыр сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 сыртқы талдау жүргізіліп, 29 ұсыныс жасалды. Біздің департамент оның орындалуын қатаң қадағалайтын болады. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдарына және жан басына шаққандағы қаржыландыру, өңірлерді дамытуға кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын жұмсау, құрылыс саласындағы проблемалы мердігерлердің қызметі, сондай-ақ апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 мониторинг жүргізді.

РКС: Жыл басынан 3 әкімшілік хаттама қаралып, 800 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Сондай-ақ, басқарма сатып алынатын тауарлардың бағасын қайта қарап, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында 663 млн.теңге үнемдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы дәрістер өткізіліп, бұқараны ақпараттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шараға волонтерлар да белсенді қатысуда.

СНХ: ЭЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА, АНТИКОРВОЛОНТЕР: Менің ойымша, барлық адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен айналысуы керек. Себебі, әр адам өз қызметіне адал болса, қоғам да өзгереді, адамдар да өзгереді, адамдардың ойы да өзгереді. Себебі, сыбайлас жмқорлық – бұл қоғамның тек қана құқық бұзушылық емес, бұл қоғамның дамуына кедергі келтіретін үлкен мәселе болып табылады. Біз волотер ретінде көптеген жұмыстар атқарамыз. Одан бөлек, біз оқушылар арасында «Адал ұрпақ» атты олимпиадалар өткіземіз. Колледж студенттерінің, университет студенттерінің арасында AntiParaCraft» атты квест өткіземіз. Өзіміз де қатысып, сол іс-шаралардың басында жүріп тұрамыз. Себебі, біздің борышымыз – елімізге қызмет ету, адалдық, әділдік тәртіпті сақтау, осындай құндылықтарды насихаттап, барлық адамдарға жеткізу. Тек жастардың арасында ғана емес, барлық азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

РКС: Өткен жылы өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылды. Оның құрамында департамент қызметкерлері, заң және мемлекеттік органдардың өкілдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер бар. Мобильді топтың мақсаты - тегін заңгерлік кеңестер беріп, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Былтыр өңірде 23 көшпелі отырыс ұйымдастырылан. Волентерлар 1 мыңнан астам азаматқа құқықтық көмек көрсетті. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде 900 миллион теңгеден астам қаржы үнемделді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ