ДИКТОР: «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал!» республикалық акциясының жеңімпаздары өздерінің лайықты марапаттарына ие болды. Бұл игі бастаманы Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаменті мен Қазақстанның Халық банкі жүзеге асырды.
РКС: Акцияға қатысушылар арнайы мобильді қосымша арқылы өздерінің сатып алу чектерін жүктеу арқылы автоматты түрде сыйлықтар ұтысына қатысу мүмкіндігін алды. Шара барысында белсенді азаматтарға құрмет көрсетіліп, олардың жауапкершілік пен қаржылық мәдениетті насихаттауға қосқан үлесі атап өтілді.
СНХ: АЙНҰР ЕЛІКБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Бұл акция сәуір айынан бері өткізіліп келеді. Бұл акцияның мақсаты: көлеңкелі экономикамен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кассалық тәртіпті жақсарту, адал бизнесті қолдау
СНХ: СНХ: САЯН БЕКТЕМІРОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Мамыр айынан бері біздің өңір бойынша 50 жеңімпаз анықталды. Бүгін біз келесі жеңімпаздарымызды құттықтадық. Бұл акцияға қатысу үшін белсенді түрде сатып алулар жасап, фискалдық чектерді «Әмиан» қосымшасына жүктеу жеткілікті – сонда автоматты түрде ұтыс ойынына қатысушы атанасыз.
РКС: Акция қорытындысы бойынша Ақмола облысының он тұрғыны жеңімпаз атанды. Әрқайсысына 100 мың бонус көлеміндегі сыйақы табысталды. Бұл олардың белсенділігі мен қаржылық тәртіпті сақтаудағы жауапкершілігінің айғағы.
СНХ: ОЛЖАС СЫЗДЫҚ, АКЦИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен бұл акция туралы Instagram-нан білдім – жарнамасын көрдім де, қызығушылық танытып, қосымшаны жүктеп алдым. Содан кейін чектерді жүктей бастадым, сөйтіп жеңімпаз атандым. Бұл – менің алғашқы жеңісім.
РКС: Айта кетейік, аталған акция қараша айына дейін жалғасады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ