ДИКТОР: Көкшетауда спорт ардагерлері арасында «Алтын күз-2025» минифутболдан Республикалық турнир өтті. Алаңда Солтүстік өңірдің 6 құрамасы өзара бақ сынасты. Турнирге барып, аға буын өкілдерінің ойының тамашалаған тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Минифутболдан Республикалық турнир биыл үшінші рет өткізіліп жатыр. Спорттық шараға Қостанай, Көкшетау, Астана, Петропавл, Атбасар қалалары мен Бұланды ауданы құрамаларының 60 жастан асқан спорт ардагерлері қатысуда.

СНХ: МАРАТ ТОҚТАРОВ, «КОСТАНАЕЦ» ҚҰРАМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Біз Көкшетаудағы турнирге екінші жыл келіп отырмыз. Бұл жақта бізге бәрі ұнайды. Қала да көрікті, халық та жылы қарсы алады. Былтыр 3-орын алған едік, биыл турнирде жеңіске жетуді көздеп отырмыз. Алғашқы кезеңде «Көкшетау» командасын 3:1 есебімен жеңдік. Көкшетау өркендей берсін! Шақырып тұрсаңыздар, турнирлеріңізге келе береміз.

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир - спорт ардагерлері арасында жыл сайын өтетін Республикалық чемпионатқа дайындық кезең.

СНХ: ФАРИД ҮСЕНОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: "Астана" құрамасы бұл турнирде екі жыл қатарынан жеңіске жетіп келеді. Өте жақсы ойнайды. 60 жастан асса да ардагерлер жыл бойы жаттығып, салауатты өмір салтын ұстануда. Біз жастарға аға буын өкілдерін құрметтеп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.

СНХ: ДАРХАН ҚАСЫМОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КЕШЕНДІ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Үлкен жарысқа келіп отырсыздар. Жылдан жылға осындай жарыс өте берсін. Алыстан, жақыннан келгендеріңіз аман есен ойын ойнап, үйге жетуге Алла нәсіп етсін. Алыстан келгендеріңізге үлкен рақмет. Ұйымдастырушы Фарид Нұрмағамбетұлына рақмет. Жылдан жылға өткізіп отырады жарысты. Сіздердің жастарыңызды бізге берсін. Осы жарыста тек қана мықтылар жеңсін. Сәттілік!

РКС: Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды "Астана" құрама командасы жеңіп алды. Ал, екінші орынды "Бұланды" командасының ардагерлері еншіледі. Үздік үштікті "Петропавл" құрамасы еншіледі. Алдағы уақытта жеңімпаздар Республикалық чемпионатқа қызу дайындықтарын бастамақ.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ