ДИКТОР: Қазақстанда жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беруге арналған кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру және еңбек адамының беделін көтеру болды.

РКС: Жоба бастамашылары Көкшетау қаласындағы IT мектеп-лицейі, №17 мектеп-гимназиясы мен №19 мектеп өкілдері. Кәсіби бағдар беру алаңына қалалық мектептер мен колледждердің оқушылары қатысты. Бағдарлама аясында білім беру мекемелерінің таныстырылымдары, түрлі мамандық иелерімен кездесулер, мамандықтар көрмесі және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АРИНА ҚҰРБАНОВА, ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Біз шеберлік сабағын өткіздік, мақсатымыз – мектеп оқушылары мен студенттердің қызығушылығын оятып, оларды өз мамандығымызбен тереңірек таныстыру. Осы арқылы болашақта бұл салаға бет бұратын жастардың қатары көбейсе дейміз.

РКС: Колледж өкілдері заманауи оқу бағдарламалары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Мұғалімдердің айтуынша, бүгінде жұмысшы мамандықтарына еңбек нарығында сұраныс жоғары, әрі бұл бағыттар кәсіби өсудің кең мүмкіндіктерін ұсынады.

СНХ: ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨКІЛІ: Бұл кәсіби білім беру бағдарына біз колледж оқытушылары барлығымыз кәсіби бағдар беру жұмыстарын, яғни әр оқытушы өзінің колледжі туралы ақпарат беру үшін жиналдық. Және де әртүрлі мысалы, біреулер мастер класс өткізуде, шеберлік сыныптарын көрсетуде сондай-ақ өз колледждері туралы толық ақпарат беруде. Бұндай мерекеден, іс-шаоадан біз қалыс қалмаймыз.

РКС: Білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар жастардың жұмысшы мамандықтарына деген құрметін қалыптастырып, еңбектің құндылығын дәріптейді.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ