ДИКТОР: Елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында облыста 38 нысан бой көтеруде. Былтыр бұл мақсатқа 7,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда 32 нысанның құрылысы толығымен аяқталды. Оның 23-і халыққа медициналық қызмет көрсетуді бастап кетті.
РКС: Ұлттық бағдарламаның арқасында шалғайда жатқан елдімекендердің 75 мыңнан астам тұрғыны қалаға қатынамай, өз ауылдарында дәрігерге көрініп, скринингтік тексеруден өтіп, кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
ИНФО-ГРАФИКА: Ұлттық жоба өз алдына үш міндетті негізге қойды:
1.АУЫЛДЫҚ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ КӨМЕК ҰЙЫМДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2. ШАЛҒАЙДА ЖАТҚАН АУЫЛ ХАЛҚЫНА ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
3. АУЫЛДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
СНХ: НАРИМАН ЕРМЕК, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жоба аясында өңірде жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Бұл бағдарламаның аясында аймақтағы екі негізгі аурухана қаржы алды. Соның бірі Атбасар аудандық ауруханасы. Жоба құны 1 млрд.теңге. Былтыр республикалық бюджеттен 594 миллион теңге, ал облыстық бюджеттен 59,5 миллион теңге бөлді. Биыл 329 миллион теңге арнайы мемлекеттік қордан берілді. Қаржы толығымен иегеріліп, қажетті жұмыстар аяқталды. Атбасар аудандық ауруханасының мамандары ескі ғимараттан жаңа денсаулық сақтау нысанына көшірілді.
РКС: Ауылдық денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жобаның басты міндеті. Кадр тапшылығын жою үшін бірқатар шара жүзеге асырылуда. Тіпті, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтермеақы да қарастырылған.
СНХ: НАРИМАН ЕРМЕК, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл Атбасар аудандық ауруханасының 8 дәрігері 5 миллион теңге көлемінде әлеуметтік қолдауға ие болды. Былтыр дәл осындай қолдау 6 дәрігерге көрсетілді. Оның 5-і Атбасар аудандық ауруханасында, 1-і Степногорск қалалық ауруханысында жұмыс істейді. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында барлық медицина қызметкерлері қажет болған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтермеақы ала-алады.
РКС: «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының арқасында өңір тұрғындарының жағдайы жақсарып келеді. Мәселен, ұзақ кезете тұрып уақыттарын бос кетірмейді. Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсетудің сапасы да айтарлықтай ажақсарған. Бұл шаралар әлі де жалғасатын болады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ