ДИКТОР: Егіндікөл ауылында тоғыз тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов тұрғын үй жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Қазір «Отбасы банк» арқылы сегіз екіпәтерлі үйді бөлу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ облыс әкімі Жеңіс саябағын аралап, аудан тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
РКС: Бұл - 1986 жылы салынған Жеңіс саябағы. Бүгінде мұнда абаттандыру жүргізіліп, брусчатка төселді. Автотұрақ пен жарық шамдары орнатылды. Мемориалдық нысандар жаңартылды. Аймақ басшысы мердігер ұйымдарға құрылыс пен монтаждау кезінде сапа стандарттарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
ЛЮФТ: У нас на строительство данного парка было потрачено около 15,8 млн тенге. Около 1000 кв метров постелили брусчатку, поставили миномет. – Это в этом году сделали? – Да. – Некачественно положена брусчатка. – Мы еще не приняли до конца. – Что не смотрите?! Вы давайте уже привыкайте, к качеству, хорошему.
РКС: Бұдан соң облыс әкімі 16 пәтерлі жаңа тұрғын үйдің жай-күйімен танысты. Нысанға инженерлік желілер тартылып, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған. Әр пәтер кондиционер, сантехника және газ плитамен жабдықталған. Қазір ғимаратты пайдалануға беру жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр. Сондай-ақ Егіндікөл ауылында 480 шаршы метр аумақта 6 пәтер бой көтерді. Аймақ басшысы бұл баспаналар әлеуметтік осал топтарға берілетінін атап өтті. Айта кетейік, бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде 60-қа жуық адам бар.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Юрий Викторович, біз әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту жұмыстарын жалғастырамыз. Қазір 16 пәтер дайын. Биыл аз қаражат жұмсай отырып, жайлы әрі сапалы тұрғын үй сатып алдық. Бірақ мамырдың 24-і енгізілген өзгерістерге сәйкес, біз бұл үйлерді «Отбасы банкке» өткіземіз. Ары қарай банк үйлерді жүйе арқылы әділ бөледі.
РКС: Кездесу барысында аймақ басшысы әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Тұрғындар интернет сапасы, білім саласындағы кадр тапшылығы және өзге де өзекті мәселелерді көтерді. Бұрын аудан үшін өзекті болған ауызсумен қамту мәселесі шешімін тапты. Қазір Егіндікөл ауданы толықтай орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Барлық өтініштер бойынша тиісті түсіндірулер мен нақты тапсырмалар берілді. Кездесу соңында облыс әкімі бірқатар ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ