ДИКТОР: Өткен жылы Ақмола облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты 168 қылмыс тіркелген. Ал биылғы жылдың басынан бері 100-ден астам оқиға анықталған. Еске салайық, 2023 жылдан бастап Қазақстанда барлық түрдегі зорлық-зомбылыққа, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдататын заң күшіне енді. Енді мұндай құқықбұзушылықтар қылмыстық іс ретінде қарастырылады. Жәбірленушілерді қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қандай шаралар атқарылып жатыр? Бұл жөнінде тілшінің дайындаған материалынан көре аласыздар.

РКС: Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Жыл сайын мыңдаған әйел өз отбасында агрессия мен қатігездікке ұшырайды. Мұндай жағдайлардың алдын алу және оған қарсы тұру – қоғамның ортақ міндеті. Бүгін біз Көкшетау қаласының көшелеріне шығып, тұрғындардың пікірін білуді жөн көрдік. Азаматтар көмекке қайда жүгінуге болатынын біле ме? Және олар отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне қалай қарайды?

БЛИЦ:

- ¬ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: А так нет, не сталкивалось, и не хочу, если честно. 00:38 Я бы, наверное, посоветовала, как только видят какие-то признаки агрессии в свою сторону, сразу либо на корню это прерывать, обрезать, чтобы не позволять себе такого отношения, а либо, наверное, сразу уходить.

- ¬ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Я никогда не сталкивалась, но я отношусь к этому негативно очень. И для меня это как бы сказать, что если мужчина бьёт женщину, это уже как бы не мужчина. Я советую женщинам прежде всего смотреть на мужчин, на их действия. Если они уже как-то проявились, ударили, то уже нужно уходить, а не терпеть эту всю боль.

- ¬ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Надо иметь самоуважение. Я категорически против такого. Это же вообще уму непостижимо, чтобы жить бок о бок муж с женой и издеваться над женщиной. Это последнее дело. Во-первых, нужно самоуважение иметь, гордость какую-то, чтобы не терпеть такое. Если один раз мужчина ударил, всё, отворачивайся от него и уходи подальше. Это уже болезнь. Это его уже не исправишь. Спасибо большое.

- ¬ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ну, естественно, отрицательно. Что же это? Ну, просто женщин жалко. Да и женщины могли бы сразу реагировать и убегать от такого мужчины. Что не оставаться с ним ради детей или ради чего-то, ради жилья. Говорят, что женщины погибают, и говорят, несколько раз обращались. Чтобы полиция реагировала на это более серьезно. Чтобы защищали женщин.

РКС: Жалпы, өңірде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалады. Биыл осындай 102 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір фактіге аз, – дейді мамандар.

СНХ: АЛЬБИНА ДӘУЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: 102 қылмыстың ішінде 82 жағдай – бұл жаңадан қылмыстық сипатқа ие болған «сабау» және «денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» баптары бойынша тіркелген. Отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылыққа бейім тұлғалармен жүйелі түрде профилактикалық жұмыс жүргізіліп отырады. Полиция есебінде 3000-нан астам құқықбұзушы тіркеуде тұр. Олардың барлығымен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жүргізіледі,

сондай-ақ бейсенбіден жексенбіге дейін рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

РКС: Сонымен қатар, жәбірленушілерге көрсетілетін қолдау күшейтілді. Өңірде 4 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Ол жерден құқықтық және психологиялық көмек алуға болады. Сондай-ақ көмек қажет болған жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға немесе 111 санын теру арқылы республикалық жедел желіге жүгінуге болады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.