ДИКТОР: Көкшетауда облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті жанындағы әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әрекеттерінің заңдылығына қатысты тәртіптік іс қаралды.
РКС: Биыл Макинка ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізу бойынша конкурс жарияланған еді. Конкурс аяқталған соң, департаментке мердігердің кәсіби тәжірибесіне қатысты жалған ақпарат берілгені жөнінде шағым түскен. Өз кезегінде ведомство тиісті органдарға сұрау жіберіп, нәтижесінде тапсырыс беруші, яғни білім бөлімінің басшылығы анықталған заңбұзушылықтар туралы хабардар етілді.
СНХ: ӘНУАР ТИЕСОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Ішкі мемлекеттік аудит департаментінен түскен хабарлама негізінде білім бөлімі сотқа жүгінді. Нәтижесінде соттық үкімімен «САРМАНСТРОЙ» серіктестігі мемлекеттік сатып алулардың адал емес қатысушысы деп танылды. Бұл шешім 2025 жылғы 18 қыркүйекте апелляциялық инстанция қаулысымен күшінде қалды.
РКС: Осылайша, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің барлық әрекеті заң талаптарына сай жүргізілді. Тендер нәтижелері өз күшінде қалды, ал келісімшарт жасау процесіне ешқандай араласу болған жоқ. Барлық шаралар «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң аясында жүзеге асырылды.
СНХ: ШАРАП СӘДУАҚАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Заңға сәйкес іс-шара қабылдау туралы хабарлама жібердік. Және қазынашылық комитетіне Заңға сәйкес іс-шара қабылдау бойынша хабарлама жібердік. Олар өз құқығының шеңберінде іс-шара қабылдады. Ешқандай келісімшарт бұзылған жоқ. Сол объектіні аяғына дейін жеткізіп, қазіргі уақытта тапсыру жұмыстары жүргізілді. Ақша толықтай игерілді, бірақ серіктестік жалған ақпарат бергені үшін жосықсыз мердігерлер тізіміне кіргізілді. 1 жылға.
РКС: Кәсіби тәжірибесі туралы жалған мәлімет ұсынғаны үшін мердігер бір жылға мемлекеттік сатып алулардың адал емес қатысушылары тізіміне енгізілді. Бұдан бөлек, кеңес отырысында мемлекеттік қызметке іріктеу барысында конкурстық талаптардың сақталуы бойынша бірқатар мәселе де көтерілді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ