ДИКТОР: Көкшетауда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және оны цифрландыру мәселесі бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселенің бірі - ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу.
РКС: Өңірде 120-дан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны инновациялық технологияларды енгізуде. Солардың бірі – "Дихан плюс" серіктестігі. Бюджетті дұрыс жоспарлау, техникаға бақылау жүргізу және өнімге жалпы есеп жүргізеді. Бұл қожалықтың 8 жыл қатарынан атқарып келе жатқан жұмысы. Цифрлық шешімдер жиналған өнімнің сапасын жақсартуға және табыстылығын арттыруға көмектеседі, - дейді Серіктестік басшысы Денис Швайбович.
СНХ: ДЕНИС ШВАЙБОВИЧ, "ДИХАН ПЛЮС" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Адамның араласуынсыз тікелей өндірістік платформаға 90 пайыз дерек жіберіледі. Бұл деген керемет қой. Біз бұл жиында цифрландыру процесін жасанды интеллект арқылы қалай жақсарту керектігін талқылап жатырмыз. Жақын арада бұл деректердің барлығы жасанды интеллекттің нәтижелері мен шешімдері негізінде өңделеді деп ойлаймын. Осылайша, біз әрбір процесс бойынша нақты шешімдер ала-аламыз.
РКС: Биыл Ақмолалық диқандар 7,5 миллион тонна астық жинап, соңғы 13 жылда рекордты жаңартты. Жиналған астықтың 75 проценттен астамы жоғара сапалы өнім. Жиын барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов егін жинау науқанын сәтті аяқтап, жақсы көрсеткішке қол жеткізген диқандарға алғыс айтты. Облыс әкімі қожалық иелеріне жалақыны көбейтіп, барлық ішкі процестерді цифрландыру арқылы жүзеге асыру керектігін айтты.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Пилоттық бағдарлама аясында біз бірқатар бағдарламаны жүзеге асырғымыз келеді. Атап айтқанда, мемлекеттік көмек, жеңілдетілген несие,субсидия және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын құжаттарды жинамай, бір жүйе арқылы оңай алуға болады. Енді қаржыны беріп қойып, қалағаңызды жасай береңіз деген дәуір аяқталды. Бұдан былай, жеңілдікпен несие берсек, әр қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылап, тексеріп отырамыз. Осылайша, ең алдымен біз берілген несие шынымен жоспарланған жерге барғының тұқым ауыстырғандарын, тыңайтқыштарды қолданғандарын толығымен бақылап, көріп отырамыз.
РКС: «Журавлевка-1» және «Дихан плюс» серіктестіктері ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру бойынша тәжірибелік мысалдарды ұсынды. Цифрландыру арқылы егіншілік пен автоматтандыру тиімділігі артып, шығындарды азаяды. Осылайша, Отандық ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін артпақ.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ