ДИКТОР: Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, өмірін ел мен халыққа адал қызмет етуге арнаған Арсентий Андреевич Щудляк өмірден өтті. Арсентий Андреевич Щудляк 1925 жылы наурыздың 22-сі дүниеге келген. 1943 жылдың ақпанында, 18 жасында әскер қатарына шақырылып, 127-ші атқыштар полкінде болды. Майдан даласында қатардағы жауынгер ретінде шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Соғыс аяқталған соң, ол 1946 жылдың наурызына дейін 18-ші мотатқыштар бригадасында әскери қызметін жалғастырды. Ержүректік пен батырлық танытқаны үшін Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды. Демобилизациядан кейін Арсений Щудляк өмірінің қалған жылдарын Щучинск қаласында өткізді. Белсенді қоғамдық өмір сүріп, елге сыйлы азамат атанды. Ұрпағына ізгілік пен еңбекқорлықтың өнегесін көрсетіп, туған жерінің абыройын асқақтатқан тұлға ретінде халық жадында қалды. Оның өмір жолы – мағыналы ғұмыр мен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын бейнесі.