ДИКТОР: Сонау тоқсаныншы жалдардағы тоқырудың салқыны барлық салаға кері әсер етпей қоймады. Әсіресе инфрақұрылым тұралап қалды. Енді міне, етек-жеңімізді жинап, жіберілген есені қайтара бастадық. Әсіресе, ел мен елді жалғайтын, дамудың жүзін қайрайтын жолдар жөнделе бастады. Республикалық маңызы бар автобандардың жағдайы жақсы, ал соған дейін жету үшін қиналатын ауылдағы ағайын қуанып отыр. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен өңірлік маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды басталған еді. Республика күні қарсаңында Аршалы ауданында күрделі жөндеуден өткен бірнеше жол учаскелері пайдалануға берілді.
ЖКС: Бұл – Бірсуат ауылы. Астанадан 80, аудан орталығы Аршалыдан 25 шақырым жерде орналасқан. Елорда мен Қарағандыны жалғайтын күре жол 14 жақырым жерде. Соған дейін жету ауыл тұрғындары үшін мұң болатын. Енді, жағдай өзгерді. Облыс әкімінің қолдауымен жөндеу жұмыстары қолға алынып, тақтайдай түзу трасса пайдалануға берілді.
СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: По району реализуется ряд проектов... аударма: Ауданда жолды күрделі және ағымдағы жөндеуге байланысты бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Яғни облыстық және аудандық маңызы бар бірнеше жол учаскерелері жөнделуде. Мына жол Автобанмен ауылды байланыстырады. 14 шақырым. Биыл конкурс өткізіліп, мердігер анықталды. 3 айдың шінде тьапсырды. Екі қабат асфальт төселді.
ЖКС: Жоба құны 1 миллиард теңгеден асады. Жолдың негізі нығыздалып, жаңадан асфальт төселген. 5 суөткізгіш салынып, 68 жол белгісі орнатылған. Қазір жолақтар сызылып жатыр. Бұл қуанышты ауыл тұрғындары көптен күтіпті.
СНХ: ҚАРЛЫҒАШ ТЕМІРБЕКОВА, БІРСУАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Халық көшіп келетін шығар. Жастар бар. Қиналатынбыз. Қалаға шығу үшін біраз қиындықтар көрдік. Спортсмендеріміз бар. Ауылдың кәсіпкерлері жас. Тракторист, көлік жүргізушілері келеді. Қиын болатын. Бұрын неден қашаты, өйткені жол болмайтын. Енді қуанып отырмыз.
ЖКС: Мал шаруашлығы мен егіншілікті қатар алып келе жатқан елдімекен үшін бұл дамудың жаңа кезеңі. Яғни, көркеюдің күретамыры. Сонау жылдары қиындыққа тап болып, көпшілік халық қалаға үдіре көшкені рас. Бүгінде Бірсуат сияқты болашағы бар ауылдар қайта түлей бастады. Көпті көрген көнекөз қариялар болса, кезінде табыс көзін табамын деп, туған топырағын қимай кеткен ағайын енді ат басын қарашаңыраққа қайта бұрар деп, қуанып отыр.
Берік Қайдарұлы, Бауыржан Смағұлов, Көкше-Ақпарат.