ДИКТОР: Әмір Мұратбеков – паражүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2022 жылы Бүкіләлемдік сериялар мен Азия Пара ойындарының және былтыр Парижде өткен Паралимпиада ойынының қатысушысы.
РКС: Спортшының жүзумен айналысқанына 13 жыл. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде S11, SB11 және SM11 сыныптарында өнер көрсетеді. Әмір IT мамандығын меңгеріп жатыр.. Өз орнын спорттан да тапты. Жүзу оның хоббиі ғана емес, өмірінің бір бөлігіне айналды. Жаттығу арқылы Әмір Мұратбеков тек физикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар мінезін де шыңдады.
СНХ: ӘМІР МҰРАТБЕКОВ – СПОРТШЫ: Жүзу мәреге жетуді талап етеді. Ал бұл дегеніміз табандылық. Сондықтан мен алдыма қойған мақсатыма жетуім керек. Сондай-ақ өзімнің физикалық дайындығымды дамытамын, бұл маған өзімді жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Мен иммундық жүйемді, рухымды күшейтемін және жүзу маған шынымен қуаныш сыйлайды. Бассейн мен спортзал әрқашан қол жетімді. Халықаралық және республикалық жарыстарға қатысуға мүмкіндіктер бар. Бұл спорттың дамып келе жатқанын білдіреді.
РКС: Әмірдің бұл жетістікке жетуінің артында оның тәжірибелі тәлімгері тұр. Жаттықтырушы Джанна Зайцева пара-спортшылармен жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен өңір құрамасы зағип спортшылар арасында алғаш рет ел чемпионы атанды. Бапкердің айтуынша, бастама қашанда қиын, бірақ еңбек пен табандылық жеңіске жетелейді.
СНХ: ДЖАННА ЗАЙЦЕВА, БАПКЕР: Біздің бағдарлама әр споршыға, жеке-жеке қарастырылған. Мәселен, егер біреу брасс әдісімен жүзетін болса, біз оларға бейімделген жаттығулар береміз. Біз әртүрлі жабдықтарды қолданамыз. Жүзетіндер үшін, айталық, жорғалаумен айналысатындар үшін де бірегей тапсырмалар бар, сондықтан бізде барлығына арналған жеке бағдарлама бар. Нәтижелер, әрине, жаттықтырушы ретінде мен үшін өте қуанышты; бұл моральдық деңгейдегі жетістік. Жігіттер алған білімдеріне дән риза. Олар тынбай еңбек етіп, Қазақстанымыздың даңқын шығарды дейміз.
РКС: Әмір Мұратбеков параспортшы болу кедергі емес, керісінше алға қарай жетелейді, - дейді. Оның өнегесі көпшілікті шабыттандырады және жеңіске жету жолы өзіне сенуден басталатынын көрсетеді. Қазіргі уақытты Әмір Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындарына қызу дайындықты бастап кетті.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖАНДОС САЙЛАУ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ