ДИКТОР: Биыл ұлт руханиятының ұлы тұлғасы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері - Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы. Атаулы датаға орай Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин музейінде «Міржақып мұрасы – Алаш аманаты» атты көшпелі көрме ұйымдасырылды. Экспозицияға Торғайдың мұражайлар кешені қорынан жинақталған 70-ке жуық жәдігер ұсынылды.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Көрмеде ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының еңбегі, Алаш идеясының рухы айқын көрініс тапқан. Көпшілік назарына Міржақып Дулатұлының жеке заттары, қолжазбалары мен хаттары ұсынылды.

РКС: Тарихтың қатпарлы кезеңінде атын атауға тыйым салынған қос арыс – Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың есімдері егемендіктің алғашқы жылдарында қайта жаңғырып, 1991 жылы Торғай төрінде әдеби-мемориалдық музейі ашылған. Содан бері бұл киелі шаңырақ ұлт үшін жанын қиған арыстардың асқақ рухын жас ұрпаққа насихаттап келеді.

СНХ: ГҮЛБАНУ СӘРСЕКЕЙ, ТОРҒАЙ МУЗЕЙЛЕР КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 2019-шы жылы Мәлік музейі біздің орғайға келген, енді біз ат басымызды тіреп, биылғы мерейтой қарсаңында, себебі Мәліктің де 110 жылдығы, Міржақыптың 140 жылдығы, оның тұңғышы Алаш қызы Гүлнәрдің 110 жылдығы тұспа-тұс келіп тұрған соң біз осы жерге келіп отырмыз. Сондықтан жастар көріп, тәуелсіздігімізге дейінгі біздің ата-бабамыз, әкелеріміз қандай еңбек сіңірді дегенде қол жетпеген жоңғар шапқыншылығында білектің күшімен шайқасса, кейінгі біздің Алаш қайраткерлеріміз қаламның ұшымен, тәуелсіз ел боламыз дегенде, сол кісілердің тұтынған заттары мен алғашқы еңбектерінің түпнұсқаларын әкелу мақсатында 66 дүние әкеліп отырмыз бұл жерге. Қазақта айтады ғой, қалың малсыз, қыз болмас, қыздың төркінінен келген бізде дүниелері бар. Сол Міржақып пен Ғанижамалдың тұтынған заттары бүгінгі таңда сіздің төрлеріңізде тұр.

РКС: Көкше мен Торғай – қазақ руханиятының тоғысқан қос өрісі. Қазақтың тәуелсіздікке ұмтылысының бастауы болған Алаш идеясы – бүгінгі ұрпақ үшін де құндылығын жойған жоқ, - дейді сала мамандары. Сондықтан осындай көшпелі көрмелердің маңызы зор.

СНХ: АЯГӨЗ МАХМЕТОВА, М.ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бұл жердегі көшпелі көрмелердің бір ерекшелігі мына Мәлік Ғабдуллин музейі ынтымақтастық меморандумы бойынша қандай тұлғалық музейлермен тығыз жұмыс жасайды, сол тұлғалардың көрмелері мүмкіндігінше мерейтойлық даталарға орай осы музейдің шаңырағына келіп қойылады. Бұл көрменің жөні бөлек, себебі биылғы жылы Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы, ол кеше ғана өзінің туған жерінде Торғай өңірінде аталып өтілсе, бүгінде Міржақып Дулатұлының рухани мұрасының Көкшетауға келуінің өзі заңдылық және оны хан көрген, хазірет көрген Көкшетауда жалғасын табуында жалпы ел үшін өте маңызды оқиға деп білеміз. Бұл көрмелерді ұйымдавстырдағы басты мақсатымыз – өскелең ұрпақты дәл осы Алаш арыстарының, ұлт зиялыларының өнегесі мен рухымен тәрбиелеу. Бұл кәісілердің рухы, рухани мұрасы Мәліктің де мұрасымен үндесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар.

РКС: Көрмеге келген қала түрғындары мен қонақтары қазақтың азаттығы жолында күрескен қайраткерлердің өмір жолымен танысып, құнды деректер алды. Ұлт болашағы үшін күрескен Алаш арыстарының рухани аманаты – жас ұрпақ санасында мәңгі жаңғыра бермек.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ