ДИКТОР: Aqmola Hub инновациялық орталығында мектеп оқушыларына арналған инженерлік хакатон өтті. Зияткерлік сайысқа сегіз команда қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сегіз түрлі тапсырмада сынады. Қатысушылар арасынан үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
РКС: Оқушылар датчиктермен, атқарушы механизмдермен, робототехникамен және hardware мен software-дің қауіпсіз интеграциясымен айналысты. Білім алушыларды инженерлерше ойлауға үйретті: міндет қою, деректер жинау, код жазу, гипотезаны тексеру және нәтижені ұсыну дағдыларын меңгерді.
СНХ: АБАЙ КӘКІМБЕК – «ARTISAN EDUCATION» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін бізде алғашқы хакатонымыз өтіп жатыр, өте қуанышты Ақмола өңірінде өтіп жатыр, өзіміз осы жақтан, осы жақтан шыққанбыз, осы жақта мектепте оқыдық, осы жақта бітіріп түлеп іштік Қазіргі уақытта қазақстандық өнім шығарып жатырмыз бұл істің бағыттары бойынша балаларды оқытатын бағыттағы жинақтармен бағдарлама Сондықтан өте қуаныштымыз, өз өмірімізде тұсауымыз кесіліп, ары қарай бара жатырмыз. Бүгінгі іс шара өте жақсы өтті. Балалар қуанышты балалардың нәтижелері де өте жақсы қолдау білдірген білім басқармасына және облыс әкіміне алғыс білдіреміз.
РКС: Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің BlackStorn командасы инженерлік хакатонда үшінші орынға ие болды. Үш оқушыдан құралған команда жоғары ұпай жинап, үздік үштік қатарынан лайықты орын алды.
ЛЮФТ: Біз айсе мектеп лицейінің әл Фараби оқушыларымыз бізге негізі сайыс онша қиын болған жоқ.
- Біз дисплей арқылы көп және әр түрлі программалар жаздық.
- Кейбір қиындықтар тартуды, ал біз оларды жеттік, біздің мақсатымыз басқа командалардан озып шығуы болатын, біз олардан озып, үшінші орынға ие болдық.
РКС: Барлық қатысушыларға оқу курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілсе, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылар қолжетімді әрі мазмұнды материалдармен жұмыс істеп, топтық ынтымақтастықта «ақылды қала» тұжырымдамасына негізделген инженерлік тапсырмаларды орындады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ