ДИКТОР: Бүгін Көкшетауда бір топ отбасы қуанышқа кенелді. Ұзақ жылдар бойы кезекте тұрған 21 отбасыға салтанатты түрде пәтер кілті табысталды. Көпшіліктің қуанышына тілшіміз Жанар Мұқышева куә болып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Баспаналы болғандардың қатарында 5 баланың анасы Зайра Әубәкірова да бар. Бұған дейін ол «Отбасы банкі» арқылы кезекке тұрған еді. Бүгін 2 бөлмелі пәтерге қол жеткізіп, қуанышымен бөлісуде.
СНХ: ЗАЙРА ӘУБӘКІРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұған дейін жалдамалы пәтерлерде тұрдық. Мен кезекке тіркелдім. Содан бері мақсат қойып, армандап, осы күнге жеттім. Қуанышымда шек жоқ. Барлық қазақстандықтарға осындай жұғысты болсын деп айтқым келеді.
РКС: Сарыарқа шағын ауданында орналасқан пәтер ұзақ жыл кезекте тұрған көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға берілді. Бағдарламаға өтініш қабылдау тамыз айында басталған еді. Пәтерлер кезекке тұру уақыты мен табыс деңгейіне қарай бөлінді.
СНХ: АЛМАТ НҰРАХМЕТОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 92456 төмен болса, бір адамға, арендный жилье дейміз ғой, соған сәйкес келеді. Табыстары одан жоғары болса, олар 2 пайызбен, одан жоғары болса, олар 5 пайызбен. Отбасының табысына қарай.
РКС: Халықты сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Жыл соңына дейін тағы 50-ге жуық көкшетаулық отбасы қоныс тойын тойламақ.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ