ДИКТОР: Мамандардың бағалауынша, сауығудың 30-70 пайызы дәл оңалту кезеңіне байланысты. Көкшетауда ем алып, кейін қалпына келу кезеңінен өтіп жатқан жандарға көмек көрсететін «Viamedis» клиникалық-реабилитациялық орталығы жұмыс істейді. Бұл мекеме міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында қызмет көрсетеді, сондықтан білікті оңалту көмегі барлық азаматтарға қолжетімді.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Медициналық реабилитация әдетте инсульт алған, түрлі жарақаттардан кейінгі немесе буынды емдеу отасынан өткен, сондай-ақ созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға қажет. Кез келген азамат өзінің учаскелік дәрігеріне жүгініп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша оңалтуға жолдама ала алады.

РЕАБИЛИТАЦИЯ ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ

КІМДЕР ӨТЕ АЛАДЫ?

ИНСУЛЬТТЕН КЕЙІНГІ НАУҚАСТАР

ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІН (ОМЫРТҚА, БУЫН, МИ)

АУЫР ЖАРАҚАТТАРДАН КЕЙІН

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ?

ӨЗ УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕРІҢІЗГЕ ЖҮГІНІҢІЗ

РЕАБИЛИТАЦИЯҒА ЖОЛДАМА АЛЫҢЫЗ

СНХ: АЙДАНА ЕСІМБЕКОВА, ЖАЛПЫ ОҢАЛТУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Қазір біз жалпы реабилитация бөлімінде тұрмыз. Бұл бөлімде барлығы 28 төсек-орын, яғни 7 палата бар. Мұнда травматология, ортопедия, кардиология және кардиохирургия бағыты бойынша ем қабылдайтын науқастар реабилитациялық ем-шаралардан өтеді. Палаталар, өздеріңіз көріп тұрғандай, төрт адамға арналған стандартты бөлмелер. Әр палатада дәретхана мен жуыну бөлмесі бар, себебі бұл профильдегі науқастардың көпшілігі өздігінен қозғала алады. Операциядан кейін, үйде бір айдай уақыт болған соң, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, науқастар бізге оңалтудың ем домын алуға жіберіледі.

РКС: Мекеме кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынады. Мұнда жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Жұмыс кешенді тәсіл қағидаты бойынша ұйымдастырылған – әр науқастың артында бүкіл кәсіби мамандар тобы еңбек етеді.

СНХ: СВЕТЛАНА ЕРЕМЕЕВА, КҮТІМ БОЙЫНША КІШІ МЕЙІРБИКЕ: Біздің жұмысымыз неден тұрады? Бұл – науқастарға тамақтану кезінде, киіну кезінде көмек көрсету. Барлық процедураларға алып бару, тамақ ішуге, жуынуға, серуендеуге көмектесу. Яғни, науқасқа қажет барлық көмекті біз көрсетеміз. Қазіргі таңда Қазақстандағы басқа ешбір клиникада күтім көрсететін арнайы персонал жоқ. Сондықтан науқастар біздің бар екенімізге өте қуанады. Бізге өз жұмысымыз ұнайды. Емделушілермен қарым-қатынас, оларға көмек көрсету – бәрі де біз үшін үлкен жауапкершілік әрі қуаныш.

СНХ: АНДРЕЙ БЕЛОВ, ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ НҰСҚАУШЫСЫ: Жеке сабақтар бойынша нұсқаушы ретіндегі менің басты міндетім – адамның күнделікті өмірінде мейлінше жоғары функционалдық белсенділікке қол жеткізуіне және әлеуметтік ортаға барынша бейімделуіне көмектесу. Сондықтан әрбір мақсат науқаспен бірге талқыланады. Біз бірнеше нұсқа ұсынамыз, ал басты басымдық – науқастың өз мақсатына беріледі. Өйткені тек науқастың өзі ғана өзіне тұрмыста не қажет екенін жақсы біледі.

РКС: Науқастар мұнда тек ем қабылдап қана қоймай, уақыттарын пайдалы өткізе алады. Олардың пайдалануында шағын кітапхана, оқу аймақтары, демалыс және әңгімелесу орны, сондай-ақ теледидар көріп немесе үстел ойындарын ойнауға арналған аймақ бар. Орталықта науқастар тек медициналық көмек қана емес, сонымен қатар эмоционалды қолдау мен ертеңгі күнге деген сенім де алады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ