ДИКТОР: Дропперлік үшін енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Банк деректемелерін үшінші тұлғаларға беру, сондай-ақ материалдық сыйақы үшін төлемдерді немесе ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі тіркелсе, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
РКС: Азаматтар өздерінің жеке карталарын немесе жеке деректерін үшінші тұлғаларға бергенде, олардың өздерінің «дроппер» атану қаупі бар екенін есте сақтауы қажет. Әсіресе 18 бен 25 жас аралығындағы жастар, яғни жеңіл табыс табуға мүмкіндік бар деген жарнамаға алданып қалмауы қажет. Кей адамдар білместіктен өз банк карталарын қылмысты ұйымдастырушыларға беріп, қылмысқа қатысы бар деген күдіктіге айналуы әбден мүмкін.
СНХ: ӘЛИЯ ЕСМҰХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІСІ: Дроппер болмау үшін не істеу керек? жеңіл табыс бар деген жарнамаға ешқашан жауап бермеңіз. Жұмыс берушіні интернеттегі пікірлердің бар-жоғына тексеріңіз. Банк картаңыздың деректерін ешқашан және ешкімге бермеңіз. Банктік қосымшаларыңыздың құпия сөздерін үнемі жаңартып тұрыңыз. Банктік қосымшаларға кіруді болдырмау үшін беймәлім дереккөздердің сілтемелеріне кірмеңіз. Егер Сізге «дроппер» болуды ұсынса, келіспеңіз. Келіскен жағдайда күдікті атануыңыз мүмкін. Ал оның жазасы айыппұл төлеу, мүліктің тәркіленуі, немесе бас бостандығынан айыру жазасына тартыласыз. Құрметті азаматтар, егер Сіз дропперге тап болсаңыз немесе осындай схемаға Сіздің таныстарыңыз немесе жақындарыңыз тартылса, Қаржы мониторингі жөніндегі агенттікке немесе аумақтық қаржы мониторингі органдарына хабарласуыңызды сұраймыз. Экономикалық тергеу департаментінің сенім телефоны - 25-62-84.
МӘТІН: Дроппердің жұмысына шақырғанын қайдан білуге болады? Алаяқтар сізге бірнеше банк картасын ашуды немесе оларды ашуға сенімхат рәсімдеуді сұрайды. Сіздің атыңызға «жалған кәсіпорын» рәсімдеу үшін Сіздің жеке куәлігіңізді және өзге де жеке деректеріңізді сұрайды. Крипто биржаларда, мобильді банкингтерде немесе электрондық төлем сервистерінде аккаунт құруды ұсынады. Сізге көптеген сим-карталар рәсімдейді. Жұмыс беруші ақша немесе крипто валютамен операциялар жасауға ұсыныс жасайды, жұмыс іздеген адамның білімі мен тәжірбиесінің бар жоқтығы маңызды емес деген ақпарат беріледі. Жұмыс берушімен тек онлайн жұмыс істейтіні айтылады. Бұл ұсыныс өте тиімді, яғни кез келген адамды қызықтыруы мүмкін. Шамалы уақытта үлкен табысқа жетуге болады деп сендіреді. Мысалы, күніне жарты сағат жұмыс істеп, айына 500 мың теңгеге дейін табыс табуға болады деп уәде береді. Өз картаңызды бір реттік аударым үшін де бөтен адамға беруге болмайтынын естен шығармаңыз.
ГРАФИКА: Дроппердің жұмысына шақырғанын қайдан білеміз?
1. Бірнеше банк картасын ашуды;
2. Жеке куәлігіңіз бен жеке деректеріңізді;
3. Криптобиржаларда, мобильді банкингтерде немесе электрондық төлем сервистерінде аккаунт құру;
4. Бірнеше сим-карта рәсімдеу;
5. Ақшалай немесе криптовалюта арқылы төлеу жасау;
6. Жұмыс берушімен тек онлайн жұмыс істеу;
7. Өте тиімді ұсыныс: аз уақытта көп табыс табу;
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.