ДИКТОР: Степногорск қаласындағы колледждердің бірінде «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығын меңгеріп жүрген студенттер үшін болашақ мамандық жолы тәжірибеден және асханамен танысудан басталады. Қыркүйек айында дәстүрлі түрде 1-курс студенттері қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына экскурсияға барады. Биыл да тәлімгерлер жергілікті мекемелерге барып қайтты. Тілші баяндайды.
РКС: Экскурсияға «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығында оқуды жаңадан бастаған жиырма студент қатысты. Қазір олар мамандықтың алғашқы әліппесін колледж ішінде өтіп жатыр, ал екінші курстан бастап нақты кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді. Мұндай кездесулер студенттерге мамандықтың қыр-сырын көрсету, оларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылады. «Шашлыкофф» гриль-барындағы аспаз — жергілікті колледждің түлегі. Ол да бір кездері осы мекемеге өндірістік тәжірибеге келген, ал қазір мамандығы бойынша бес жылдан бері еңбек етіп келеді.
СНХ: ВЛАДИСЛАВ СУХОВ, ГРИЛЬ-БАРДЫҢ АСПАЗШЫСЫ: Бүгін бізге бірінші курс студенттері келіп, біздің мекемемен танысты. Оларға асханамызды, өндірістік цехтарды көрсеттік, жұмыс барысымен таныстырдым. Бұл екі жақ үшін де тиімді. Өйткені, бізге тәжірибеден өтуге студенттер керек. Болашақта олар осында жұмысқа орналаса алады.
СНХ: КРИСТИНА ПОКАТОВИЧ, СТУДЕНТ: Өте жақсы жер екен. Болашақта дәл осы жерде тәжірибеден өтсем деген үмітім бар. Мамандығымызды жақынырақ танып-білу үшін осындай экскурсиялардың ұйымдастырылғаны өте дұрыс.
РКС: Дәстүрге сай экскурсиялар қыркүйек айында өтеді. Мұндай игі шара барысында студенттер мамандықтың қыр-сырын шынайы көріп, болашақ бағыттарын нақтылауға мүмкіндік береді.«Life Lounge Bar» аспазы да осы қаладағы колледждердің бірінің түлегі. Қазір бұл салада он жылдан бері еңбек етіп келеді. Өндірістік тәжірибеден кейін түбегейлі аспаз болуға бел буыпты.
СНХ: АЙДАР ЖАМБОЛАТОВ, ЛАУНДЖ-БАРДЫҢ АСПАЗШЫСЫ: Экскурсия кезінде студенттерге жұмысымызды таныстырамыз. Ас дайындау процесі қалай жүретінін көрсетеміз. Асхананың іші қайнаған тіршілік, әркім өз жұмысымен айналысады. Ешкім бір-біріне кедергі келтірмейді.
СНХ: АРТЕМ КАНРАДИ, СТУДЕНТ: Бірінші курс студенті ретінде асхананың ішкі тіршілігімен танысу өте қызықты болды. Маған өте ұнады. Болашақта дәл осы жерде тәжірибеден өтуге тырысамын.
РКС: Ұйымдастырушылар осындай кездесулер студенттердің ортаға тез бейімделуіне, мамандыққа деген дұрыс көзқарас қалыптастыруына және болашақ мансабын жоспарлауына септігін тигізетінін айтуда.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ