ДИКТОР: Көкшетауда жылу беру масымын бастаудың кестесі бекітілді. Осы аптада жылу беріледі. Әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлермен өзге де тұтынушылардың, сонымен қатар жылу энергиясы көздерінің дайындығы Көкшетау қалалық әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде жан-жақты талқыланды. Бұдан бөлек жиында көгалдандыру жайы да сөз болды.
РКС: Көкшетауда жылу беру маусымы қыркүйектің 25-де басталады. Шаһарды жылумен қатамасыз етуге жауапты «Көкшетау жылу» кәсіпорны. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында қазандықтар мен жылу жүйелері жөнделді. Ғабдуллин көшесінде 100 метрдей магистральды бөлігіндегі жұмыс аяқталуға жақын. Жылу беруге дайын, бірақ, тұрақты жылу режимін бекіту үшін уақыт керек,-дейді кәсіпорын басшысы.
СНХ: РУСЛАН МӘКІШЕВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Кәсіпорынның жылу кешені екі қазандықтан тұрады. №1 аудандық қазандықта үш газ-мазутты жылыту қазандығы тұр. Қуаттылығы 190 гигокалорий. Қазандықтың тең жартысына жуығының тозығы жеткен. Ал екінші аудандық қазандықта қуаттылығы 280 гигакалорий болатын көміртозаңды 3 қазандық агрегаты бар. Сондай-ақ кәсіпорынның құрамына жергілікті қазандықтар мен жылу жүйелері кіреді. Қос құбырлы жылу жүйелерінің ұзындығы 191 шақырым.
РКС: Қалада 5 мыңнан астам абонент жылумен қамтылады. Олардың 1200-дейі көпқабатты тұрғын үй. Соның 65-і жылу беру маусымын өткізуге дайын емес. 8 нысанда проблема шаш-етектен. Оларды орындау ерекше бақылауда.
СНХ: ҚУАНЫШ ҒАЗИЗОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қалған 57 үй негізінен екі қабатты, тозығы жеткен. Олар реновация тізімінде тұр. Осыған орай тұрғындар дайындық жұмыстарын жүргізуге құлықсыз. Кей үйлердің тіпті иесі жоқ, сондықтан олар тіпті жылу жүйелерін тазалау ісіне де жиылғысы келмейді.
РКС: Қала басшысы жауапты тұлғаларға жылу беру маусымын кешіктіруге жол бермеулі тапсырды. Бұл үйлерді мәжбүрлеп басқаруға басқаруға ұсыныс енгізілді. Бұдан бөлек, жиында шаһардың инфрақұрылымын абаттандыру мәселесі де талқыланды. Көкшетауда көгалдандыру айлығы басталды. Осыған орай қала әкімі бірқатар тапсырма берді.
СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өткен демалыста еліміз бойынша жалпы сенбілік ұйымастырылды. Енді алдағы бір ай тынбай еңбектенуіміз керек. Барлықтарыңызды қолдауға шақырамын. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлақтандырыңыздар. Алдағы сенбіде ауқымды сенбілік ұйымдастыруымыз керек. Қажетті жабдықпен түгел қаланы жарақтандырыңыздар. Жетпесе, алдын ала қапшықтарды сатып алып қойыңыздар.
РКС: Қаланы абаттандыру жұмысы қарқынды түрде жалғасуда. Айта кетейік, биыл Көкшетауда 11 мың түп жасыл көшет отырғызылмақшы.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ