ДИКТОР: Ақмола облысы Қазақстандағы туризмді дамытудың үздік бестігіне енген өңір. Республика бойынша көрсетілетін туристік қызметтің оннан бір бөлігі біздің аймаққа тиесілі. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы аймақ басшысының орынбасары Ернар Жәркешовтың төрағалығымен өтті. Халық қалаулылары туризм, аграрлық мәселелер мен саланы индустриалды-инновациялық дамытуды талқылады.
РКС: Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында туризм саласына ерекше тоқталып кетті. Призидент қойған міндеттердің қатарында заманауи инфрақұрылым салу, оны жүзеге асыру. Соның арқасында курортты аймақтарды халықаралық деңгейде танымал етіп, оларды ұлттық брендке айналдыруға мүмкіндік береді. Облыстық туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский өңір депутаттарына туризм саланың жай-күйі мен болашағын баяндады.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өңірде туризмнің үлесі 1,2 процент. 500-ден астам туристік кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл сайын аймаққа миллионнан астам турист келуде. Жыл соңына дейін 1,5 миллион турист келеді деген болжам бар. Ақмола облысы үшін бұл, сөзсіз, негізгі туристік бағыттардың инфрақұрылымын жақсартуға түрткі болуы тиіс. Өңірде туризмді дамыту үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт: Щучинск-Бурабай курортты аймағы және оның құрамындағы шағын туристік аумақтарды дамыту. Үшінші бағыт ол елордалық аймақтардағы туристік сегментті ілгерілету.
РКС: Бурабай өңірдің басты демалыс орны. Оның кешенді даму жоспары туризм, көлік және инженерлік инфрақұрылым жобаларына бағытталған. Су, электр, жылу, кәріз, жол жүйелері қайта жаңғыртылуда. Қауіпсіздік ережелеріне де баса назар аударылды. Сол себепті бейнебақылау камералары орнатылуда. Депутаттарды жоғары жылдамдықты интернет ерекше қызықтырды.
СНХ: РУСЛАН ШӘМКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Сондықтан, бұл мәселені де қарастыру қажет. Астанаға барып, Beeline және K-cell желілерінің басшылығымен кездесейік. Тас жолдағы мәселені шешу керек. Тек «3G» ғана емес кей жерлерде «E» ұстап тұрады. Біз мұны түзетуіміз керек.
РКС: Щучинск-Бурабай курортты аймағында ұялы байланыс қызметін және мобильді интернетке қолжетімділікті жақсарту үшін жеті антенналық тірек орнатылды. Екі жылдың ішінде Астана-Бурабай тас жолы бойында осындай тағы үш антенна қойылмақ. Депутаттар демалыс орнының экологиялық қауіпсіздігіне де қызығушылық танытты. Нақтырақ айтсақ, келесі жылы пилоттық жоба енгізіледі. Іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қою жоспарлануда.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ